Экономика

Назарбаев: Үкіметтің жұмысына оң бағамды беремін

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан үкіметінің ғимараты
Қазақстан үкіметінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылдың қорытындысы шығарылып, алдағы уақыттың мақсат-міндеттері айқындалады

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанада Назарбаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр
"Жылдың басында алдымызда тұрған мақсаттарды анықтап, жұмыс істеу үшін бүгінгі үкіметтің кеңейтілген мәжілісін өткізгелі отырмыз. Шынын айту керек, өткен жыл оңай болған жоқ. Дүниежүзінің экономикасы да аумалы-төкпелі болды. Біздің де жағдай әр түрлі болды. Дегенмен, үкімет пен әкімшіліктердің бірлесіп істеген жұмысының арқасында менің бағалауым бойынша дұрыс нәтижелерге жеттік", — деді отырысты ашқан Елбасы.

Президент өткен жылы экономиканың өсімі 4% процент, инфляцияның 7% төңірегінде болуы біз үшін жаңа белес екенін атап өтті.

"Сондықтан бұл жағынан үкіметтің жалпы жұмысына, әрбір үкімет мүшелерінің жұмысына оң бағамды бергенім дұрыс деп санаймын. Халық та солай ойлайтын шығар. Дегенмен әр уақытта жетістіктерімізді менменсіп отыра бермейміз. Алдымызда мақсаттар көп. Бағдарламалардың орындалуында кемшіліктер бар. Оны, әрине, айтатын боламыз. Бүгінгі отырыста өткен жылдың қорытындысын тағы да бір халыққа жария етіп, алдымызда тұрған міндеттерді анықтайтын боламыз", — деді мемлекет басшысы.


Жаңалықтар
0