11:16 17 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.06
  • EUR416.17
  • RUB5.56
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы

Назарбаев мемлекеттік қарызды азайтуды ойластыруды тапсырды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
82 0 0

Астанада мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке мемлекеттік қарызды азайтуды ойластыруды тапсырды. Бұл туралы президент үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мемлекеттік қарызды бір деңгейде ұстау керек. Ұлғайтпай, керісінше қалай кемітуді ойластырып отыру керек. Әр түрлі жағдайлар болады, сондықтан кең болуға тиіспіз. Керек болатын болса қарыз алатын мүмкіншілік болуы қажет. Кейінгі кезде біз құрылысқа, жолдарға, үй салуға көбірек алып жібердік",  — деген президент премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа бақылауға алуды тасырды. 

Отырыста қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жекешелендіру барысын баяндады. Өткен жылы 289 объектінің 190-ы 108 миллиард теңгеге сатылған. 

"Қаржыны бюджетке ме, әлде Ұлттық қорға жіберіп жатырсыздар ма?", — деп сұрады Назарбаев. 

"Ұлттық қорға 7,4 миллиард теңге салдық. Биылғы жылы екі айдың ішінде 7,3 миллиард теңге жіберілетін болады. Бұл былтыр желтоқсанда сатылған объектілерден түскен қаражат", — деп жауап берген министрге мемлекет басшысы мұның дұрыстығын айтты. 

"Сіздің тікелей тапсырмаңыз бар. Жекешелендіруден түскен ақшаның бәрі толығымен Ұлттық қорға жіберіледі", — деп толықтырды үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Загрузка...

Басты тақырыптар