Экономика

Ұлттық банк: криптовалютаны пайдалану – заңға қайшы

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуКриптовалюта биткойн
Криптовалюта биткойн - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк Қазақстан аумағында жалғыз заңды төлем құралы – теңге екенін еске салды

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қазақстан аумағында теңге – жалғыз заңды төлем құралы. Осыған байланысты криптовалюта ел аумағында төлем құралы ретінде пайдаланылмайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері криптовалютаға қатысты өткен ашық пікірталас барысында айтты.

криптовалюта - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жапонияда криптовалюта биржасындағы есепшоттардан 527 млн доллар ұрланды

"Қаржы ұйымдарына заңнамада тікелей көзделмеген операцияларды жүргізуге тыйым салынады. Осылайша, тікелей реттеудің жоқтығына  қарамастан, бүгінгі күні қаржы секторында меншікті немесе клиенттік операциялар бойынша, сондай-ақ есеп айырысу бірлігі ретінде криптовалюталарды пайдалану заңға қайшы келеді", — деді Ұлттық банктің төлем жүйелері департаменті басқармасының басшысы Алина Иманғазина.

Сондай-ақ, Иманғазинаның айтуынша, халықтың криптовалютаға сұранысы азаматтардың  оны тез әрі мол пайда табу көзі ретінде қарастыруында. Ол бұл ретте криптовалюталардың ешқандай құндылығы, құны жоқ екендігін түсіну қажет екенін атап өтті. Баға алыпсатарлардың әсерімен өрши түсетін сұраныспен ғана қамтамасыз етіледі. Тек соңғы екі айда ең белгілі криптовалюта – биткоиннің бағасы 2,5 есе құлдырады. Нарықта бұдан кейін не болатынын болжау мүмкін емес. Сондықтан халықтың өз қаражатын жоғалту қаупі жоғары. 

"Бұдан басқа, қаржылық пирамида белгісі бар әртүрлі алаяқтық схемалары туындайды. Сонымен бірге криптовалюта арқылы жаңа жобаларға қаражат тарту (ICO) белсенді түрде жарнамалануда.  ICO инвестициялау қағидаттары IPO-ға ұқсас екендігіне қарамастан, бұл жағдайда ешкім эмитенттерді тексермейді және инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік бермейді. Халық пен заңды тұлғалар криптовалютамен жасалатын барлық операцияны тәуекелге бел буып жасайды", — деді Иманғазина.

Осыған байланысты Ұлттық банк сарапшылары криптовалюталық қаржы пирамидаларының пайда болуын болдырмау, халықтың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, осы саладағы заңнаманы қатаңдату жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет деп санайды.

Жаңалықтар
0