22:04 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Калькулятор, архивтегі фото

Forbes: Құлыбаевтар байлардың тізімінде бірден 194 орынға көтерілді

CC0 / Edar
Экономика
Қысқа сілтеме алу
116 0 0

Ерлі-зайыптылардың жиынтық байлығын америкалық журнал 6,4 миллиард доллардан асады деп бағалады

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Америкалық Forbes журналының 2018 жылғы әлемдегі ең бай адамдар тізіміне бес қазақстандық енді, деп хабарлады centralasian.org.  

Тимур және Динара Құлыбаевтар биылғы тізімде бірден 194 орынға көтеріліп, 779-орынға жайғасты. Журналдың есебінше, олардың дәулеті соңғы бір жылда 2,2 миллиардқа көбейген. Ерлі-зайыптылардың жиынтық байлығын америкалық журнал 6,4 миллиард доллардан асады деп бағалайды. Былтыр олар әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 973-орында  болған еді. 

Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы, "KAZENERGY" мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдары қазақстандық ассоциациясы жетекшісі қызметтерін атқарады, сонымен бірге ол ресейлік "Газпром" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі әрі Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетін, Қазақстан бокс федерациясы мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясын басқарады. Жұрт көзіне көп түспейтін Динара Құлыбаева президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қорына жетекшілік етеді.

Сонымен қатар Қазақстаннан байлардың тізіміне Владимир Ким (3,1 миллиард доллармен 766-орында), Болат Өтемұратов (2,6 миллиард доллармен 924-орында) және Алиджан Ибрагимов (2,3 миллиард доллармен 1070-орын) енді.  

Forbes журналының бағалауынша, миллиардер саны (585) бойынша АҚШ бірінші орында. Екінші орында – Қытай (Гонконг, Макао және Тайваньмен қоса — 476 адам). Биылғы жылы әлемдік қаржы алпауыттары тізіміне алғаш рет Венгрия мен Зимбабвенің байлары да енген.


Загрузка...

Басты тақырып