Экономика

Сүлейменов бес бастаманы іске асыру бойынша жол картасын таныстырды

© ИА Новости-КазахстанХалық
Халық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол картасы отыз бес іс-шарадан тұрады

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша жол картасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бірінші бағыт – әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін ұсыну. Бұл бағыт бойынша негізгі орындаушы инвестициялар және даму министрлігі бекітілген.

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағынтаев: күн сәулесінің шуағы қыздырмаған әкімдерден бастайық

"Негізгі іс-шаралар "7-20-25" бағдарламасын бекітуге және оны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты болып отыр. Шілде айына дейін ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылатын болады. Сонымен қатар "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды жылына 20 млрд теңгеге дейін қаржыланжыруға және оны ұлғайту, "7-20-25" бағдарламасының нормаларын ескере отырып, оған түзетулер енгізу жоспарланып отыр", — деді министр. 

Екінші бағыт – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін салық жүктемесін азайту. Негізгі орындаушы – ұлттық экономика министрлігі. 

"Бұл бағыт аясында салық заңнамасының нормаларын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр. Жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығы мөлшерін азайту мәселесі пысықталады. Жеке табыс салығын салу тәртібі мен әкімшілендіру тетігін қарау жоспарланып отыр. Іс-шаралар тамыз айында аяқталады. Жаңа тетікті енгізу жаңа салық кезеңінің басталуына байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді", — деді Сүлейменов. 

Үшінші бағыт – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсарту. Негізгі орындаушы – білім және ғылым министрлігі. Бюджетті нақтылау аясында осы бағыт бойынша техникалық мамандықтарға назар аудара отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарлануда. Білім беру жүйесінің инфрақұрылымн дамыту мәселелері пысықталады.

Тұрғын үй құрылысы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды

Министр техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша грант санын ұлғайту үшін сәуір айында үкімет қаулыларының жобасы әзірленетінін айтты. Сондай-ақ мелекеттік –жекеменшік әріптестік негізінде жатақхана салу бойынша тетіктерді әзірлеу жоспарлануда. 

"Мамыр айының соңына дейін әкімдер жатақханалар салу үшін жоғары оқу  орындары мен колледждер аумағынан жер учаскелерін және нженерлік коммуникациядарды айқындайды", — деп атап өтті спикер. 

Төртінші бағыт – шағын несие беруді көбейту. Атап көрсетілген бағыт еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрлігіне бекітілген. Осы бағыт желісі бойынша мамыр айында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына түзетулер енгізу жоспарланып отыр.

500 теңгелік банкнота - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда шағын несие сомасы ұлғайтылады

"Өзгерістер қалалар мен ауылдық жерлерде микрокредит беруді, қаржыландыруды ұлғайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталады. Бұдан басқа микроқаржы ұйымдарын кепілсіз негізде қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу жоспарлануда", — деді министр. 

Бесінші бағыт – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру бойынша. Негізгі орындаушы – энергетика министрлігі. Аталған бағыт Сарыарқа магистралды құбырының бірінші кезеңінің құрылысына шоғырланған. Жобаны қаржыландыру схемасы мен шарттары маусым айында айқындалмақ. Қаржыландыруға Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуразия даму банкі және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарын тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, минитр атап өткендей, әкімдер маусым айында магистралды газ құбыры желісі бойынша жер учаскелерін бөледі. Газ құбырының құрылысы келесі жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған.

Жаңалықтар
0