14:41 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Экономика
Қысқа сілтеме алу
976 0 0

Статистика бойынша, Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі ең жоғары көрсеткішке ие

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Бір жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі ең жоғарылаған қала – Астана атанды, ал, керісінше, жұмыссыздықпен күресуде елеулі нәтижеге жеткен – Қарағанды облысы, деп хабарлайды energyprom.kz.

2017 жылдың төртінші тоқсандығының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі Қазақстанның 16 өңірінің жетеуінде біршама төмендеді.

Жұмыссыздықпен күресуде ең үздік нәтиже көрсеткен – Қарағанды облысы. Бір жыл ішінде – 2017 жылдың төртінші тоқсандығының қорытындысы бойынша – жұмыссыздар саны 7%-ға төмендеген, яғни 32,2 мың адамға дейін қысқарыпты.

Сонымен бірге, үздіктер қатарында – Қостанай облысы. Бұл жерде жұмыссыздар саны 5%-ға, яғни 24,5 мың адамға дейін қысқарыпты. Үштік қатарына Ақмола облысы да кіреді – жұмыссыздық көлемінің қысқаруы 2,8%, жұмыссыздар саны 20,6 мың адам болды.

Бір қызығы, елордамыз, керісінше, осы проблеманы жоюда сәтсіздікке ұшырап, жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 6,8%-ға артып, 23,8 мың адамға жеткен. 

Жалпы, Қазақстан бойынша жұмыссыз адамдар саны өткен жыл ішінде 0,4%-ға қысқарды.

Кілт сөздер:
әлеуметтік проблема, жұмыссыздық
Загрузка...

Басты тақырып