Экономика

Сағынтаев ШҚО-ға көмек ретінде қосымша ақша бөлуді тапсырды

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКШҚО Зырян ауданындағы Зубовск тұрғындарын көшіру
ШҚО Зырян ауданындағы Зубовск тұрғындарын көшіру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Шығыс Қазақстанда 396 үй су астында қалып отыр

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. ҚР үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев құзырлы органдарға су тасқынымен күрес үшін Шығыс Қазақстан облысына 2 млрд теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін үкімет отырысында күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралып біткен соң, премьер-министр ішкі істер министрінен көктемгі су тасқыны болып жатқан өңірлердің ахуалы қандай екенін сұрады. Әсіресе бірнеше күннен бері тасқын сумен күресіп жатқан Шығыс Қазақстан облысының жағдайы басты назарда болды.

Су басу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы мен еліміздің 11 облысында су басу қаупі төніп тұр

"Шығыс Қазақстан облысының жағдайы аса күрделi. Қазiргi таңда онда 396 үй мен 185 аула су астында қалып отыр. Осыған байланысты Семей қаласында, Аягөз, Зырян және Шемонаиха аудандарында жергiлiктi ауқымды төтенше жағдай жарияланды. Апаттық-құтқару және кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жасауға 1 мыңнан аса адам, 200 бiрлiк техника, 96 мотопомп және 10 қайық қатысуда. Мемлекеттiк-материалдық резервтен Шығыс Қазақстан облысына 8 бiрлiк техника және жылжымалы электр стансалары берiлдi", — деді ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Ішкі істер министрінің есебінен кейін Сағынтаев сөзді ШҚО әкімі Даниал Ахметовке берді. Аймақ басшысы елді мекендерде тасқыннан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстары басталып кеткенін мәлім етті.

"Қазіргі кезде облыстың 4 ауданы – Аягөз, Глубокое, Шемонаиха, Зырян және Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Барлық мәселе менің тұрақты бақылауымда. Арнайы құрылған комиссия шығынды есептеп жатыр. Қоғам өкілдерінен қосымша 3107 адам тартылды. Қазіргі кезде үйлерді қалпына келтіру және жөндеу бойынша жұмыс басталып кетті", — деді әкім.

Оның айтуынша, қазір бірқатар өңірде ауа райы бұзылып, мұзды жару жұмыстарын қиындатып отыр.

Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО әкімі су басқан ауданның тұрғындарына: сіздерге жаңа үй сатып әпереміз

"Бұқтырма өзенінде мұздың қалыңдығы 2 метр болды. Қазір жару жұмысын өткізіп жатырмыз. Бірақ бүгін күн райы бұзылды. Өскеменде де, Зырян жақта да қар түсіп жатыр", — деді ол. 

Бақытжан Сағынтаев облысқа үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

"Даниал Кенжетайұлы, сіздің жазған хатыңыз келіп түсті. Көмек ретінде қосымша қаражат бөлінеді. Облысқа 2 млрд теңге сұралды. Бақыт Тұрлыханұлы (қаржы министрі – ред.ескерт) тиісті шешімдерді шұғыл түрде дайындаңыз. Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министрдің бірінші орынбасары –ред.ескерт.) республика бойынша күрделі жағдайдың бәрі сіздің бақылауыңызда", — деп тапсырды премьер.

Жаңалықтар
0