Экономика

Қазақстан Швейцариядағы банкте жатқан ұрланған ақшаны елге қайтарады

© AFP 2024 / Yasin Akgul Доллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қаражатты халықаралық іздеуде жүрген Мағзұм Абдарлиев шетелге шығарған

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Қазақстан швейцарлық банкте жатқан бір миллион доллардан астам елден заңсыз шығарылған қаражатты тәркілеу бойынша қажетті іс-шараларды қолға алды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Бас прокуратура қылмыстық жолмен келген және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде «RothschildBankZurich» швейцарлық банктен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты анықтады. 

Сотталушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
320 миллион теңгеден астам қаражат қымқырған қазақстандықтар Ресейде ұсталды

Белгілі болғандай, ақша Мағзұм Абдралиевке тиесілі, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүр. Абдралиев «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық топтың мүшелері Жақаевқа, Әбдірахмановқа және Құрманалиевке шет елде  қаражатты заңдастыруға көмектескені үшін күдікті болды.

"Осыған байланысты, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдады. Биылғы жылдың 29 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішін қанағаттандырды", — делінген хабарламада. 

Одан басқа, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында "ТАТ Кредит"  ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге табылды. Прокуратура қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтініш жолдады.

Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша 2,1 миллионнан астам АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленді.

Баспасөз қызметі атап өткендей, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады. 


Жаңалықтар
0