Экономика

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына байланысты "Нұрлы жерге" өзгеріс енгізіледі

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутұрғын үй, архив суреті
тұрғын үй, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа бағдарламаны неғұрлым тиімді іске асыру үшін талаптарын жеңілдету бойынша Ұлттық банк бірқатар заңнамалық түзетулер дайындап жатыр

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Жаңа "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының нормаларын есепке ала отырып, "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Өскемендегі тұрғын үй орамы - Sputnik Қазақстан
Экономика
"7-20-25": Комитет төрағасы пәтер алғандар айына қанша төлейтінін айтты

Мемлекет басшысы жариялаған "Бес әлеуметтік бастаманы" іске асыру аясында осы айда жаңа "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының нормаларын есепке ала отырып, "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгеріс енгізіледі.

"Бұл механизм арқылы әрбір жұмыс істейтін адам несиеге пәтер сатып ала алады. Қазақстандықтардың көбінің тиімді шарттар арқылы баспана сатып алуға мүмкіндігі болады. Биылғы жылдың екінші жартысында барлық санаттағы азаматтар үшін алғашқы арзан ипотека беріледі", — деді министр.

Қазіргі уақытта жаңа бағдарламаны неғұрлым тиімді іске асыру үшін талаптарын жеңілдету бойынша Ұлттық банк заңнамаға бірқатар түзетулер дайындап жатыр.

Жалпы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 11 миллион шаршы метрден асты.

"Нұрлы жер" бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 100 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.


Жаңалықтар
0