12:05 21 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
ҚР ұлттық банкі

Ұлттық банк теңге бағамының құбылуына қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Максим Маслов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
ҚР үкіметінің отырысы (22)
121 0 0

Алпысбай Ахметов ұлттық банк интервенция жасамайтынын атап өтті

АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Теңге бағамы ең алдымен Қытайдағы, Ресей мен ЕАЭО-ның басқа елдеріндегі валюта бағамына байланысты құбылып жатыр. Сондықтан ұлттық валютаның қазіргі өзгерісін девальвация деп атауға болмайды. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сіздер білесіздер, 2015 жылдың тамызынан бастап теңге еркін айырбас бағамына көшті.  Яғни, ұлттық банк валюта нарығына араласпайды. Егер спекуляция болмаса, ұлттық банк араласпайды. Сондықтан бәрін сұраныс пен ұсыныс анықтайды. Біздің сауда серіктестеріміз Ресейде, Қытай мен ЕАЭО-да, ең алдымен бұл елдердегі валюта бағамы әсер етеді", — деді Ахметов үкімет отырысынан кейін. 

Төраға орынбасары басқа дамып жатқан елдердегі валюта бағамының құбылмалығына назар аудартты.

"Егер сіздер Ұлттық банктің сайтына кірсеңіздер, біз апта сайын дамушы нарықтар валютасы қалай құбылып жатқаны туралы ақпарат шығарамыз. Онда Бразилияның, Мексиканың валютасын, түрік лирасының бағамын көре аласыздар. Оларда валюта бағамы 4 пайызға дейін құбылып тұрады. Сондықтан, бұл девальвация емес, тек валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс анықтаған ауытқу", — деді ол. 

Сондай-ақ, Ахметов ұлттық банк интервенция жасамайтынын атап өтті. 

"Егер де іргелі факторлар дұрыс болса, сауда-саттық спекуляциясы болмаса, ұлттық банк интервенция жасамайды. Бұл шешілген мәселе", — деп қорытты төраға орынбасары.


Тақырып:
ҚР үкіметінің отырысы (22)

Басты тақырыптар