Экономика

ІІМ соңғы 5 жылда өз еркімен қару тапсырғандарға қанша теңге төледі?

Жазылу
5 жыл ішінде 38 мың азамат ерікті түрде қару-жарақ тапсырған

АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Соңғы бес жылда ерікті түрде қару-жарақ тапсырған 38 мың азаматқа ішкі істер министрлігі 1,5 млрд теңге төледі. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Сенаты қару-жарақ саудасы туралы келісімді ратификациялады

"Соңғы  бес жылда халық ақшалай сыйақыға ерікті түрде 47 мыңнан астам атыс қаруын, 250 жарылғыш құрылғы мен 1,7 миллион данадан астам ойық қару патронын тапсырды. Ерікті түрде қару-жарақ тапсырғаны үшін осы жылдары 38 мың  азаматқа 1 миллиард 418 миллион теңге төленді", — деді Байболов ОКҚ-де өткен брифингте. 

Айтуынша, халықтан қару сатып алу акциясының арқасында атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыс саны 44,8%-ға азайған. 

"Биыл қару сатып алу акциясы сәуірдің 10-нан, яғни бүгіннен басталады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 125,4 миллион теңге бөлінген. Қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың әр данасына, оның техникалық жағдайы мен қару түріне қарай сомасы 10-нен 100 АЕК-ке дейін төлем көзделген", — деді ол.

Байболов заңсыз сақталған атыс қару-жарағын ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0