Экономика

Ұлттық банк шетелдегі миллиардтаған долларды елге қалай қайтаратынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновДанияр Ақышев
Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данияр Ақышев төменгі палата депутаттарына "валюталық реттеу туралы" заң жобасын таныстырды

АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ұлттық банк шетелдегі шоттарда жатқан капиталды елге қайтару жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" ҚР заң жобасы қаралды. Осы заң жобасы туралы баяндама жасаған ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтен депутат Омархан Өксікбаев шетелдегі шоттарда жатқан миллиардтаған долларды елге қайтаруға қатысты қандай жоспар жасалып жатқанын сұрады.   

ҚР ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк теңге бағамының құбылуына қатысты түсініктеме берді

"Елімізде жоғалған валюта күннен-күнге артып бара жатқаны белгілі. Сіздің орынбасарыңыз осы парламент қабырғасында елімізге қайтпаған ақша 17 миллиард доллардан асып кеткенін айтқан болатын. Оның 7 миллиард доллары 3 жылдан 10 жылға дейін әлі қайтпай жатыр. Жыл басында үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы "бізге қауқарсыз ұлттық банктің керегі жоқ" деп айтқан еді. Сіздердің бақылау-қадағалау функцияларыңызды арттыру керектігін мәлімдеді. Ал енді мына заң жобасында сіз тағы қауқарсыз бағытты ұсынып отырсыз. Осы мәселені біз қалай дұрыс жолға қоямыз? Шетелдегі миллиардтаған долларды қалай елге қайтармақсыз?", — деп төтесінен сұрады депутат.

Ұлттық банк төрағасы мұның шынымен де өте қиын мәселе екенін мойындады. Ақышев қаралып отырған заң жобасында елге ақшаны қайтаруға қатысты іс-қимыл екі тетікпен күшейтілгенін тілге тиек етті.

"Елдегі капиталды экспорт-импорт операциялары арқылы сыртқа шығару мәселесі мемлекеттік органдармен талқыланды. Заң жобасына мынадай норма енгізіп отырмыз: егер репатриация (елге қайтару – автор ескерт.) 720 күннен асып кетсе, біз мұндай операцияларды күмәнді операциялар қатарына жатқызамыз. Бұл нені білдіреді? Қазіргі заңнама бойынша біз мұндай сипаттағы операцияларға ешқандай шара қолдана алмаймыз. Егер біз тікелей шектеу енгізсек, онда объективті себептермен келісімшартын ұзартуға мәжбүр болатын адал кәсіпкерлерге қиын болады. Ал толығымен тыйым салсақ, онда Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі едәуір нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан ең дұрысы, бұл мәселені жан-жақты зерттеп, пысықтау қажет", — деді ол. 

Криптовалюта биткойн - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк: криптовалютаны пайдалану – заңға қайшы

Ақышев шетелдегі капиталды елге қайтаруда Ресей тәжірибесін үлгі етті. 

"Ресейде тікелей шектеу жоқ, бірақ олар Орталық банк, мемлекеттік кіріс, қаржы мониторингі органдарымен өте тығыз жұмыс істеу арқылы капиталдың сыртқа шығуымен белсенді күресіп отыр. Біз де осыны жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Бірақ қазіргі заңнама бұған жол бермейді. Сондықтан ұсынылып отырған заң жобасында ең бірінші, тікелей ақпарат алмасу қарастырылған. Екіншісі, осындай операцияларды күмәнді операцияға жатқызу. Яғни, қандай да бір күмән туса, біз шара қолданамыз", — деді банк төрағасы.


Жаңалықтар
0