Экономика

Теңге бағамының өзгеруі бензин бағасына әсер ете ме?

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуЖанар-жағармай бекетіндегі май құюшы
Жанар-жағармай бекетіндегі май құюшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 375 мың тонна дизельді отын бөлініп отыр

АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов теңге бағамының құбылуы жанар-жағармай бағасына қалай әсер етуі мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

жанармай құю бекеті, архив - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда бензин арзандауы мүмкін

"Әрине, бағам айырмасы жанар-жағармайдың соңғы бағасына әсерін тигізеді. Әсіресе, Ресейден импортталатын көлемге. Қазіргі таңда біз бензинмен толықтай қамтамасыз етілдік. Нарықтағы жағдай бензинге қарағанда дизельді отынға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Білмеймін енді, көре жатармыз", — деді Құдайбергенов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол қазір елімізде отын тапшылығы жоқ екенін атап өтті. 

"12 сәуірдегі мәлімет бойынша, АИ-92 маркалы бензиннің жиынтық қоры 330 мың тоннаны құрап отыр. Бұл нарық үшін жеткілікті қор. Дизельді отын бойынша жиынтық қор – 325,5 мың тонна. Жағдай тұрақты, өнімдерді сатуда шектеу байқалып отырған жоқ", — деді энергетика министрлігінің өкілі. 

Оның айтуынша, биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 375 мың тонна дизельді отын бөлінген.


Жаңалықтар
0