Экономика

Астанада биыл қандай нысандар жекешелендірілетіні белгілі болды

© Photo : Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылдың соңына дейін Астанада 9 мемлекеттік кәсіпорын бәсекелестік ортаға беріледі

АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада 2018 жылдың соңына дейін 9 мемлекеттік кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"2018 жылдың соңына дейін Астанада 9 мемлекеттік кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр", — деді Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының мамандары.

Депутат - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат жекешелендіруге қатысты: бұл не мазақ?

Сонымен бірге басқарма биыл жекешелендірілетін кәсіпорындар тізімін ұсынды: 

1. "Астана-Тазалық" ЖШС  

2.   "Астананың автошаруашылығы" ЖШС  

3.   "Астана-Көгалдандыруқұрылысы" АҚ

4. "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау институты" ЖШС

5. "Астана қаласының коммуналдық меншігі қоры" МКК-тен ШЖҚ  

6. "№1 автобус паркі" АҚ   

7. "Астана – арнайы қызмет көрсету бюросы" ЖШС 

8. "Астана орманы" ЖШС

9. "Астана қалалық жарық" ЖШС 

Айта кетейік, бұған қоса биыл елорданың "Шапағат» коммуналдық базарын жекешелендіру жоспарланған болатын. Кейін Астана әкімдігінің ұсынысымен бұл мәселе Үкіметте қаралып, коммуналдық базарды бәсекелестік ортаға беру мәселесі 2020 жылға қалдырылды.


Жаңалықтар
0