Экономика

Елімізде бет-әлпетті тану жүйесі әзірленіп жатыр

CC0 / / Ғылыми еңбек
Ғылыми еңбек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрлік барынша отандық бағдарламалық өнімдерді қолдануға тырысуда

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі кешені министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға бет-әлпетті тану жүйесі не үшін қажет екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Портфелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Министр: қиын-қыстау жылдары біз көп ақылды адамды жоғалттық

Министрдің айтуынша, отандық бет-әлпетті тану жүйесі былтыр басталған. Ұлттық ғылыми кеңес әзірлемеге оң баға бергенмен, жоғары ғылыми-техникалық комиссияда қаржыландыруға ілікпеген. 

"Біз қазір өзіміз дайындаған заң жобасының қабылдануын күтіп отырмыз. Бұл осындай әзірлемелерді қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл жабық әзірлеме болғандықтан, біз ғылым туралы заңға сәйкес, оны шетелдік сарапшыларға бере алмаймыз. Сондықтан келесі жылдан бастап аталған жобаларды қаржыландыра аламыз", — деді министр. 

Атамқұлов жұмыс қаржының жоқтығынан кешеуілдеп жатқанын атап өтті. 

 "Бұл отандық өнім. Бет-әлпетті тану жүйесі, мәселен ақылды қала үшін қолданылады. Бізде отандық бағдарламалық өнімдердің паролі мен коды бар. Сондықтан бүгінде біз барынша отандық бағдарламалық өнімдерді қолдануға тырысамыз",-деді ведомство басшысы.


Жаңалықтар
0