09:01 17 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.87
  • EUR410.27
  • RUB5.40
МИ-8

Қазақстан биыл МИ-8 тікұшақтарын құрастыра бастайды

© Sputnik / Игорь Агеенко
Экономика
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

МИ-8/17 тікұшақтары Алматы авиажөндеу зауытында құрастырылмақ

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстан осы жылы МИ-8/17 тікұшақтарын құрастырудың бірінші кезеңіне кіріседі. Бұл туралы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз Алматы авиажөндеу зауыты – 405-ші зауыт базасында МИ-8/17 тікұшақтарын құрастыруды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Биыл осы тікұшақтарды құрастырудың бірінші кезеңіне кіріспекпіз. Бұл өте сенімді, жақсы тікұшақтар. Сондықтан жоғары сұранысқа ие", — деді министр мәжілісте өткен үкімет сағатында. 

Атамқұлов авиациялық техниканы құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүргізілетін авиациялық-техникалық орталық базасында биыл 10 майдан және 4 әскери-көлік авиация ұшағын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Орталық тікелей жұмыс көлемінің 30 процентін орындайды. Аталған шаралар болашақта авиациялық техниканы жөндеу, техникалық қызмет көрсету процестерінің локализациясы есебінен қазақстандық үлесті арттырып, жыл сайын шетелге кететін қаражаттың едәуір бөлігін Қазақстанда қалдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыс орындарын ашып, отандық авиация өнеркәсібін дамытуға, жоғары санаттағы техниканы жөндеп, қызмет көрсете алатын білікті мамандар дайындауға сеп болады", — деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар, қорғаныс министрі осыдан жеті жыл бұрын құрылған "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" кәсіпорны қызметтер экспортына шыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан "Еврокоптер" санатындағы барлық тікұшаққа техникалық қызмет көрсету құқығына ие болған. 

"Біз посткеңестік кеңістік аумағында сертификатталған жалғыз орталыққа айналдық. Бүгінде біздің Астанадағы орталықта Ресей, Украина, Күнгей Кавказ, Орталық Азия, Моңғолия елдерінің тікұшақтары жөнделеді. Табысымыздың 50 процентін осы қызметтер экспорты құрап отыр. Компания ұшқыштар даярлау жағынан да жоғары деңгейге шықты. Биыл авиациялық орталықта шекаралас мемлекеттер үшін 60 ұшқыш дайындадық", — деп қорытты Атамқұлов.

Кілт сөздер:
тікұшақ, МИ-8, ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан

Басты тақырыптар