09:04 17 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.87
  • EUR410.27
  • RUB5.40
Абылай Мырзахметов

Ұлттық банктің партизан соғысы: бизнесмендер қаржы реттеушісінен не күтеді?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

"Атамекен" ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов айтқандай, қазақстандық бизнес Ұлттық банктен қол жетімді қаржыландыруды сұрайды

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қазақстандық бизнес Ұлттық банктен не күтетінін атап берді.

Оның айтуынша, отандық кәсіпкерлерге үш нәрсе қажет: ойын ережелері, қол жетімді қаржы мен адами ресурс. Ережелермен үкімет айналысады, адами ресурсты кәсіпкерлердің өзі қамтамасыз етуге қауқарлы, ал ақша мәселесі Ұлттық банкке байланысты. Бірақ сол мәселе, Мырзахметовтың айтуынша, бес-алты жылдан бері шешімін таппай келеді. Министрлер кабинеті мен қаржы реттеушісі арасындағы байланыс әлсіз.

Сонымен бірге, басқарма төрағасы атап өткендей, Ұлттық банк экономикалық дамуға келгенде инфляциялық нысаналауға ғана жауап береді, негізінде Елбасы бұл жауапкершілікті бөлісуге тапсырма берген болатын. Ұлттық палата төрағасының сөзіне сүйенсек, қазіргі басты мақсат – Ұлттық банк пен үкіметтің бірлесіп жұмыс істеуі.

"Ұлттық банк айтады: "Салымшылар жоқ, несиелер нашар", бірақ экономика үшін арзан несие беру қажеттігін ешкім айтпайды. Ұлттық банк төрағасы алғаш рет нашар несиелер туралы сөз қозғады. Бұл партизан соғысына ұқсайды. Үш ай бұрын мемлекет банкке жәрдем бөлген болатын, ал енді оның дағдарысқа ұшырап отырғанын біліп отырмыз", – деді Абылай Мырзахметов NurOtan Trends пікірсайысы кезінде.

Атамекен өкілінің пікірінше, бүкіл жүйе, оның ішінде Ұлттық банк бизнеске қызмет көрсетуі тиіс.

"Ұлттық банктің түсінікті диалог жүргізгенін қалаймыз. Ешқандай популизмнің қажеті жоқ. Ойын ережесі содан басталады. Шағын несие үрдіске айналып кетті, ал несиелер туралы мүлде ұмыттық. Ұлттық банк өз мандаттарын анықтады. Ал меніңше, негізгі мандат – экономикалық даму және өзара байланыс болуы керек", – деп ойын қорытты ол.

Кілт сөздер:
қаржы реттеушісі, қаржыландыру, бизнес, Ұлттық банк, "Атамекен" ҰКП, Абылай Мырзахметов

Басты тақырыптар