Экономика

Бюджет қаражатын игермегендер арасында қорғаныс министрлігі көш бастап тұр

© Photo : Сайт Миноброны КазахстанаҚазақстанның қорғаныс министрлігі
Қазақстанның қорғаныс министрлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылдың қаңтар-сәуірінде республикалық бюджет шығыстары 2 триллион 982 миллиард теңгені құрады

АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында алғашқы төрт айда республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сұлтанов бюджет қаражатын игере алмай отырған министрліктерді атады

"Республикалық бюджет шығыстары 2 триллион 982 миллиард теңгені құрады. 97 миллиард теңге бюджет қаражаты орындалмады. Бұл сома 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз. Былтыр 1 мамырда 169 миллиард теңге игерілмеген еді. Оның 11 миллиард теңгесі –үнемдеу, ал игерілмеу сомасы 86 миллиард теңге", — деді министр үкімет отырысында. 

Сұлтанов бюджет қаражатын игермеу бойынша қорғаныс министрлігі көш басында екенін атап өтті.

"Ең ірі сома – 35 миллард теңге қорғаныс министрлігінде қалып отыр. Негізгі себептері – әдеттегідей келісімшарттар мен қосымша келісімшарттарды ұзақ жасау, конкурс рәсімдерін кеш әрі ұзақ жүргізу", — деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ, ол жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 триллион 197 миллиард теңгені құрағанын мәлімдеді. 

"Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда игерілмеген сома азайып, 24,5 миллард теңгені құрады. Былтыр 58 миллард теңге игерілмеген еді", — деді министр.


Жаңалықтар
0