05:18 18 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD343.06
  • EUR402.38
  • RUB5.49
Калькулятор

Заң бұзған банктер бір ай ішінде 67 миллион теңге айыппұл төледі

CC0 / Edar
Экономика
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Қазақстанның тоғыз банкіне әкімшілік айыппұл салынған

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Биыл сәуір айында қазақстандық банктер заңнаманы 45 рет бұзған, бұл былтырғы көрсеткіштен үштен бірге көп. 2017 жылы Ұлттық банк 511 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 232 айыппұл салған.

"Жазалаудың негізгі әдісі әкімішілік айыппұл салу болды: тіркелген 45 жайттың 27-ісінде барлығы 67,4 миллион теңгеге айыппұл салынған (бір жыл бұрын 544,6 мың теңге болған)", — деп мәлімет берді Finprom.

Банк секторын реттеу және қадағалау "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заң аясында жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне 213-бап "Қазақстан Республикасы банк заңнамасы талаптарын бұзу" енгізілген.

67,4 миллион теңге төлеуге екінші деңгейлі 32 банктің тоғызы міндеттелді.

Ең көп құқық бұзушылық орын алған AsiaCredit Bank 2018 жылдың сәуір айында 28,7 миллион төледі. Әрі қарай Астана банкі — 15,9 миллион теңге және Цеснабанк — 10,1 миллион теңге.

Кілт сөздер:
банк заңнамасы, заң бұзу, әкімшілік айыппұл, банктер

Басты тақырыптар