Экономика

Астана мен Алматыдан Балқаш пен Алакөлге арзан рейстер ашылады

CC0 / / Әуежай
Әуежай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет туристік маусымда рейстерді жүзеге асыру үшін үш қазақстандық әуекомпанияға субсидия береді

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Алматы мен Астанадан Балқаш, Үшарал және Үржарға тұрақты әуе рейстері жіберілетін болады.

Ұшақ әуежайға қонып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Келесі жылы елімізде Еуропаға жаңа рейстер ашылады

Рейстер мемлекеттік бюджеттен субсидияланып, туристік маусымда жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.

"Балқаш көліне "Южное небо" әуекомпаниясы рейстер жібере бастайды: 29 мамырдан бастап Астана-Балқаш бағдары бойынша рейс бағасы 9000 мың теңге, ал 15 мамырдан бастап Алматы-Балқаш бағдары —  14 000 теңге. Осы авиакомпания 16 мамырдан бастап Алакөл көліне Шығыс Қазақстан облысы жағынан рейстер жөнелтеді: Астана-Үржар бағдары – 19500 теңге, ал Алматы-Үржар – 16000 теңге", — деп мәлімет берді ведомство.

"Жетісу" әуекомпаниясы Алматы облысы жағынан Алакөл көліне 1 маусымнан бастап рейстер аттандырады: Астана-Үшарал бағдары 16000 теңге тұрады. 27 мамырдан бастап Алматы-Үшарал бағдары бойынша тарифі 9000 теңге тұрақты рейстерді SCAT әуекомпаниясы жүзеге асырмақ.

Рейстердің нақты уақытын әуекомпаниялар мен әуежайларға хабарласып білуге болады.

Жаңалықтар
0