06:59 14 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD389.34
  • EUR428.78
  • RUB6.05
Алма бағы

"Ал, алма жоқ!". Бағбан мәселенің байыбына бармайтын депутаттарға ашуланды

© Photo : Пресс-служба акима ЮКО
Экономика
Қысқа сілтеме алу
264 0 0

Мәжілісте 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу тақырыбы қозғалды

АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. "Amal Bio" ЖШС бас директоры Асқар Сабыров мәжілістегі үкімет сағатында депутаттардан бау-бақша шаруашылығына қолдау көрсетуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Кәсіпкер бау-бақша шаруашылығындағы жобалар өзін-өзі ақтауы үшін кемі сегіз жыл уақыт керек екенін айтып, төмен пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімге ақша беруді сұрады.

"Сіздерден сұрайтынымыз –  бізге ұзақ мерзімге "арзан" ақша беріңіздер. Сонда біз субсидиядан мүлде бас тарта аламыз. Ауыл шаруашылығы мұнай мұнарасы емес, бізге 10-15 жыл уақыт қажет. Сіздер бес жылдан кейін келіп "алмаларың қайда?" деп сұрайсыздар. Ал, алма жоқ! Біз көшеттен бастап, тамшылатып суару, жеміс сақтауға арналған камералардың барлығын – жүз пайыз Польша, Ресей, Италия, Германиядан сатып аламыз", — деді Сабыров. 

Бизнесмен Қазақстанда бағбаншылықты дамытуға кедергі келтіріп отырған проблемаларға тоқталды. Соның бірі кадр тапшылығы. 

"Бізде маман жетіспейді, барлық кадр 1986-1990 жылдары Ресейге, Еуропаға, Израильге кетіп қалды. Қазір біз Алматы облысында болған технологияларды олардан қайтадан сатып алуға мәжбүрміз. Жастар бау-бақшада жұмыс істегісі келмейді, аграрлық университеттерге оқуға түспейді.  Барлығы кеден мен прокуратурада. Біз қазір қолдан келгенше жас студенттерді кері қайтарып жатырмыз. Ол үшін ауылдарда инфрақұрылым болуы керек. Ал мұны біз өз қалтамыздан ақша шығарып, жасап отырмыз", — деп шағымданды кәсіпкер. 

Сабыров депутаттардан 10-15 жылға төмен пайыздық мөлшерлемемен ақша бөлуді өтінді.

"Пайыздық мөлшерлеме 5%-ден көп болмасын, әйтпесе төлей алмаймыз. Өздеріңіз есептеп көріңіздер, барлық жабдықты батыстан сатып аламыз, ал елде инфляция "жеп" қояды, оған қоса доллар бағамы үнемі өсіп тұрады… Жыл сайын біз 65 миллион долларға алма сатып аламыз. Егер оны бақшаның өзіндік құнына аударсақ, онда жыл сайын 1000 гектар бақшадан айырылып отырмыз, ал бұл 1000 жұмыс орны", — деді ол.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко бизнесменнің айтқандарымен келісті. Ол елдегі дүкен сөрелерінде шетелден әкелінген жеміс-жидек толып тұрғанын, бағасы да удай қымбат екенін атап өтті.

"Сіз дұрыс айтасыз, біздің кез келген дүкенге кірсеңіз – 50 грамм таңқурай қанша тұрады? Қазір Түркия құлпынайының бір келісі 1800 теңге, халық оны талап алып жатыр. Мен сізбен толық келісемін, мемлекет бұл мәселелер бойынша ауылдардағы жұмысын жандандыруы тиіс", — деп түйіндеді Божко.


Загрузка...

Басты тақырып