03:30 21 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.16
  • EUR406.18
  • RUB5.90
Экономика
Қысқа сілтеме алу
45 0 0

Қазақстанда тіркелген 2849 кооперативтің 42 проценті формалды түрде құрылған

АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы кооперацияларының азық-түлік нарығына қалай әсер еткенін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін үкіметтің кезекті отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту бойынша баяндама жасады. Баяндамада келтірілген деректерге сүйенсек, 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 62 мыңнан астам адамның басын біріктірген 2849 кооператив тіркелген. Алайда олардың 18 пайызы жұмыс істемесе, 42 проценті формалды түрде құрылған. Ауыл шаруашылығы кооперациясының тиімді дамуын тежеп отырған жүйелік проблемалар ҚР президентінің әкімшілігі жүргізген тексеріс барысында анықталды. 

"Сонымен қатар өндірген өнімдерді өңдеумен байланысты мәселелер; кооперативтердің дамуын ынталандыру шараларының жеткіліксіздігі; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жетіспеуі; әкімдік деректерінің статистикалық деректерге сәйкес келмеуі", — деді Арман Евниев үкімет отырысында.

Вице-министр мен облыс әкімдерінің баяндамасынан кейін үкімет басшысы кооперациялардың мультипликативтік тиімділігіне баса назар аударуды тапсырды.  

"Әкімдердің баяндамасынан көріп отырмыз, кооперативтерді құру негізінде еңбек өнімділігі және өнімнің шығарылуы сол уақытқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өсіп отыр. Дегенмен Өмірзақ Естайұлы (премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі – автор ескерт.) кооперативтердің азық-түлік нарығына әсерін қарау керек. Жалпы облыс бойынша сүттен, еттен, басқа да өнімдерде қандай өзгеріс болды? Кооперативтер құрылғаннан кейін қанша жұмыс орны ашылды, қанша заматты жұмысқа тарттық? Яғни, оның мультипликативтік жағын да қарап шығуымыз керек. Сосын өндірілген өнім жергілікті жердің нарығына қандай өзгеріс енгізді? Баға сол қалпында қалды ма, жоқ әлде төмендеді ме? Немесе сұранысты төмендетті ме? Өндірген өнімнің көлеміне ғана қарап қоймай, осындай жақтарына мән беру керек. Бүгінгі талқылауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, агрокооперацияны дамыту шараларын егжейлі-тегжейлі пысықтауды тапсырамын. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін, ауылдағы жұмыспен қамтылу деңгейін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беруі тиіс. Өмірзақ Естайұлы, үйлестіру жұмысы өзіңізде", — деді Сағынтаев.


Загрузка...

Басты тақырып