Экономика

Астанада ЭКСПО аумағындағы пәтерлердің бағасы белгілі болды

© Photo : "Крыша"ЭКСПО қалашық
ЭКСПО қалашық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ЭКСПО" аумағындағы үйлер 1 маусымнан бастап сатылады, олардың бағасын тәуелсіз сарапшылар белгіледі

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. ЭКСПО-2017 аумағындағы тұрғын үй кешендерінде бір шаршы метрдің бағасы 399 мың 900 теңгені құрайды.

Подъездің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 130 отбасыға баспана берілді

"Бәйтерек девелопмент" баспасөз қызметі хабарлағандай, Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен көлік тұрақтарын сату бағасы тәуелсіз консалтингтік компаниялардың қатысуымен белгіленді.

"ЭКСПО-2017 аумағындағы тұрғын үй кешендерінде бір шаршы метр бағасы 399 мың 900 теңгені құрайды, ал бір көлік тұрағының бағасы – 699 мың теңге. Бұл нысандардың орналасқан жері қолайлы, қабаттар саны аз, пәтерлердің іші ыңғайлы орналастырылған. Тұрғын үй кешенінің ішкі аумағында қала тұрғынына барлық жағдай жасалған", — деді "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

Астана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?

Бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерде бұрын ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтары мен қатысушылары тұрған еді, 1 маусымнан сатылымға шығарылады.

Пәтерді алғысы келетіндерге жалғыз талап – төлем қабілеті және жеке тұлғалар үшін Қазақстан азаматтығы немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан аумағында қызмет етуі және тіркелуі.

Баспананы бірнеше әдіспен сатып алуға болады: өз қаражатымен, екінші деңгейлі банктен ипотека ресімдеу арқылы немесе ТҚЖБ-ден қарыз алу арқылы.

Сонымен бірге, тұрғын үйдегі шоу-румға барып, пәтердің орналасуымен танысып, мүлікті сатып алу бойынша ақыл-кеңес алуға болады.

Жаңалықтар
0