Экономика

Нығматулин қаржы министріне: қарызды қалай қайтарамыз?

© Sputnik / Болат ШайхиновМәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілістің жалпы отырысында 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутаттарға есеп берді

АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин шетелден ақша тартып, оны ішкі қажеттіліктерге жұмсайтын министрліктерді сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нығматулин атап өткендей, Есеп комитетінің есебіне сәйкес, үкімет бөлімшелері түрлі дөңгелек үстел, концеренция, аудит жүргізу үшін, мамандарды оқыту үшін шет елден ақша тартқан. 

"Міне, Есеп комитетінің есебін қарап отырмын: Бақыт Тұрлыханұлы (қаржы министрі – автор ескертп.) сіздің министрлікте шетелден тартылған  қарыз салықтық әкімшілеуді реформалауға бағытталған, алайда ақшаны министрлік қызметкерлері департаменттер жұмысының тиімділік көрсеткішін әзірлеуге жұмсаған. Шамамен қарыздың 14 проценті. Бұл үшін АҚШ пен Еуропа одағынан мамандар тартып не қажеті бар? Бақыт Тұрлыханұлы, қарамағыңыздағы қызметкерлердің жұмысын сізден жақсы кім бағалай алады?", — деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында. 

Төменгі палата спикері қаржы министрлігі қызметкерлерінің полиграфологиялық зерттеуін жүргізуге де қарыз тартылғанын атап өтті. 

"Менің түсінуімше, бұл мемлекеттік кірістер қызметі ғой? Бізде мұндай қызметтер құқық қорғау органдарында да бар. Неге соларға жүгінбедіңіздер, шетелдіктерге жасатып не керегі бар?, — деп сұрады ол. 

Нығматулиннің пікірінше, министрліктер көптеген міндетті басқалардың көмегіне жүгінбей, өздері-ақ орындауға қауқарлы. 

"Тұтас бір аппараттар мен министрліктер отыр, бірақ бәрібір ақшаны процентпен қарызға алып, шетелдік мамандарды тарту керек?! Біз Есеп комитетінен сұраттық, олар бізге бұл қарызға кім қол қойғанын көрсетті. Ең жоғары статус – министр, вице-министрлер де бар арасында. Ертең сонда бұл ақшаны қалай қайтарамыз?", — деді палата спикері қаржы министріне қарап. 

Нығматулин қазіргі таңда үкімет бұл мәселені шешіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, қазір қарызды мақұлдау мәселелерімен арнайы комиссия айналысып жатыр. 

Премер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев мәжіліс төрағасының сөзін растады. 

"Иә, бізде қазір аталған бағытта жұмыс жүріп жатыр. Қазір министрліктердің қажеттіліктеріне сыртқы қарызды тартуға тыйым салынған. Мұндай қарыз енді тартылмайды. Оның үстіне біз шетелдік валютада қарыз алуды қысқартып жатырмыз, олар барынша теңгемен болуы керек. Бұл бағытта жұмысты күшейтеміз", — деді Досаев.

"Құрметті министрлер, өздеріңіз немесе орынбасарларыңыз келіссөз жүргізгенде, бұл қарызды қайтаратынымызды ұмытпаңыздар. Оның үстіне, пайызбен", —деп түйіндеді Нығматулин.

Жаңалықтар
0