13:47 25 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев шетелдік инвесторларға: бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев пен шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері Астанада жыл сайынғы кездесу өткізіп жатыр

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлы отырысын ашты.

"Кеңес – ел экономикасының ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң. Кеңес мүшелері – ірі әлемдік компаниялардың өкілдері, олар біздің жұмысымызға, бизнес-климаттың жақсаруы мен экономиканың дамуына өз үлесін қосты. Бірлесіп атқарған жұмыс үшін сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді. Біз үлкен іс тындырдық, барлығыңызға рақмет", — деді мемлекет басшысы. 

Елбасы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарысты бастан кешіргенін, бірақ, соған қарамастан "сол кездегі достарының" арқасында құлдырауға жол бермегенін атап өтті. 

"Қиын-қыстау жылдары біз сіздердің ақыл-кеңестеріңізге құлақ астық, заңнамамызды түзету арқылы жемқорлықпен күресте, шенеуніктің нашар жұмысы бойынша бірге шешім қабылдадық. Сіздерсіз мұны жасау қиынға соғар еді, сіздердің мол тәжірибелеріңіз бізге көмек болды", — деді президент. 

Дегенмен, Назарбаев шешілмеген мәселелер әлі де жеткілікті екенін жасырмады. Мемекет бұл бағытта үлкен жұмыс атқаруы керек. 

"Бірақ, ең бастысы, Қазақстанда бір тұрғынға шаққанда инвестиция көрсеткіші әлемде орта есептен, ал дамушы елдерден екі есе жоғары", — деп атап өтті президент. 

Айта кетсек, биыл шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысы "Жеделдетілген жаңғыру" тақырыбына арналды. 

Шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы Қазақстан үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Кеңес Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жақсаруымен байланысты бірқатар проблеманы шешуге септігін тигізіп келеді. 

Бүгінде кеңес құрамына 35 ірі трансұлттық шетелдік компания мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Басты тақырыптар