14:57 22 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.05
  • EUR428.25
  • RUB5.84
Қашаған мұнай кен орны

Бозымбаев: 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 104 млн тоннаға жеткіземіз

© Photo : Пресс-служба Министерства Энергетики РК
Экономика
Қысқа сілтеме алу
293 0 0

Энергетика министрлігінің ақпаратына сүйенсек, мұнай-газ саласының көрсеткіштері былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір өскен

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай өндіру көлемі жылдан-жылға артып, 2025 жылға қарай 104 миллион тоннаға шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр мұнай-газ саласының барлық секторындағы көрсеткіштер 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өскенін атап өтті.  

"Жоспарланған мұнай өндірудегі өсім 1% болды, ал іс жүзінде бұл өсім 6,4%-ды көрсетті. Мұнай өңдеу көлемі 6,3 миллион тоннаны құрап, өсім 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салысттырғанда 6,2% болды. Жоспарланған мұнай экспорты 1,4%, өсім –  5,7%. Жоспарланған газ өндіру көлемі – 0,8%, өсім –6,4%. Мұнай өндіру көлемі жылдан-жылға өсетін болады және 2025 жылға қарай 104 миллион тоннаға дейін жетеді", — деді Бозымбаев халыққа есеп беру кездесуінде. 

Ведомство басшысы белгіленген межеге шығу үшін барлық үш ірі жобада (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) өндірісті әрі қарай кеңейту және ұзарту жобалары жүзеге асып жатқанын айтты.

"Қашағанда 2024 жылға дейін бұдан әрі кеңейту жобасы бойынша өндіріс көлемін жылына 13 миллион тоннадан 16 миллонға жеткізу жоспарлануда. Жобаны іске асыру кезеңінен бастап (1998 ж.) Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына 570 миллион доллар инвестиция құйылды. Жалпы әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуға жыл сайын 50 миллион доллар бөлініп жатыр", — деді министр. 

Бозымбаевтың ақпаратынша, Қарашығанақты игеру жылдарында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына шамамен 342 миллион доллар бөлінген.

"Бүгінгі таңда Болашақ кеңейту жобасы аясында Теңізде 30 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. 2022 жылдан кейін Теңіздегі мұнай өндіру көлемі 27 миллионнан 39-40 миллионға дейін артатын болады", — деп түйіндеді ол. 

Айта кетсек, энергетика министрлігінің қызметі үш стратегиялық бағытқа негізделген: мұнай-газ және мұнай-газ химия салалары; электр энергетика, көмір және атом энергиясын пайдалану салаларын дамыту; қоршаған ортаны қорғауды жақсарту.

Загрузка...

Басты тақырып