05:53 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
құс фабрикасы, архив

Қазақстан Ресейдің 36 құс фабрикасының өнімін әкелуге тыйым салды

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Экономика
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Көрші елде құс тұмауының тіркелуіне байланысты елімізге құс өнімдерін әкелуге тыйым салынды

АСТАНА, 25 маусым— Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауына байланыстың көрші Ресей елінің 36 құс фабрикасының өнімін әкелуге тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық эпизоотиялық бюро Ресей Федерациясының Курск, Пенза және Самара облыстарында жоғары патогенді құс тұмауын тіркеді. 

"Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылдың 21 маусымынан бастап ветеринарлық-санитарлыБұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі сальмонелла қаупіне байланысты бес ресейлік кәсіпорынның өнімін әкелуге уақытша тыйым салған болатын. қ бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Қазақстан аумағына тірі құс пен инкубациялық жұмыртқа, жүн және қауырсындар, құс еті мен құстың барлық өнімдерін әкелуге тыйым салды", — деп жазылған хабарламада. 

Бұдан бөлек, жылы өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспалары, құстарды сақтауға, кесуге арналған жабдықтаржы жеткізуге тыйым салынып отыр. 

Ресей Федерациясының ЕАЭО тізіліміне аталған облыстардың қандай құс шаруашылығы кәсіпорындары кіретінін мына жерден көре аласыздар. 

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі сальмонелла қаупіне байланысты бес ресейлік кәсіпорынның өнімін әкелуге уақытша тыйым салған болатын.


Загрузка...

Басты тақырып