Экономика

Назарбаев ШҚО-да бекіре етін өндіретін кәсіпорынды аралап көрді

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіНазарбаев "OstFish" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Назарбаев OstFish жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент "OstFish" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев: Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында шығынсыз сумен қамтамасыз ету қондырғыларында бекіре тұқымдас балық өсіруге маманданған кәсіпорынға барды.

Нұрсұлтан Назарбаев балықтың осы тұқымынан уылдырық алудың технологиялық үдерісімен танысты.

"OstFish" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылға қарай жылына 45 тонна бекіре етін өндіріп, 4 тонна қара уылдырық алуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0