Экономика

Ақышев Қазақстанның алтын-валюта қоры 90,3 млрд долларға жеткенін мәлімдеді

© Sputnik / Болат ШайхиновДанияр Ақышев
Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк төрағасы Лондонда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

АCТАНА, 29 маусым — Sputnik. 2018 жылдың мамырындағы жағдай бойынша Қазақстанның алтын-валюта қоры 90,3 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Лондон қаласында шетелдік инвесторлар үшін ұйымдастырылған "Investment opportunities in Kazakhstan" конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады қаржы рттеуіштің баспасөз қызметі.

Тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру үшін не қажет екенін айтты

Данияр Ақышев Қазақстан Ұлттық банкі ішкі бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін ҚР Қаржы министрлігімен одан әрі ынтымақтастық жасауды жоспарлап отырғанын атап өтті. 

Оның айтуынша, баға тұрақтылығы Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі мақсаты саналады. Осы жылы инфляция деңгейінің нысаналы дәлізі 5-7%-ды құрайды, 2020 жылдың соңында 4%-дан төмен деңгейге қол жеткізу жоспарланып отыр.  

"Екі жылдан аз уақыт ішінде біз инфляцияны үш есеге дейін, атап айтқанда,  2016 жылғы шілдедегі 17,7%-дан 2018 жылғы мамырдағы 6,2%-ға дейін төмендете алдық", – деді Д. Ақышев.

Оның сөзінше, болжанатын инфляция деңгейі жыл басындағы 7,1%-дан 2018 жылдың мамырындағы 6,0%-ға дейін төмендеді.

"Біздің болжамымызға сәйкес, Brent маркалы мұнайдың құны бір баррель үшін 60 доллар болған кезде, 2018 жылы елімізде жылдық инфляция 5-7%-ды құрайтын болады, бұл ретте жоғарғы шекараға жуықтай отырып 2019 жылы жаңа пайыздық дәліз– 4-6%-ға сырғып өтеді", — деп түсіндірді Д.Ақышев.

Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Экономика
Елбасы биыл банктерді сауықтыру бағдарламасы тоқтатылатынын айтты

Ақышев конференция қатысушыларына 2018 жылғы мамырдағы жағдай бойынша елдің алтын-валюта қоры  90,3 миллиард АҚШ долларына (жалпы халықаралық резервтер – 31,1 миллиард доллар, Ұлттық қордың резервтері – 59,2 миллиард АҚШ доллары) жеткенін айтты. 

"Қазақстан экономикасы орнықты өсу жолында. Clearstream мүмкіндігі нарықта осы оң үрдістерді қолдайды деп санаймыз", — деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы. 

Жаңалықтар
0