19:57 16 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD369.01
  • EUR416.39
  • RUB5.53
ақша

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
33700

Маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа алғанда 27,85 теңгеге жетті

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі маусым айында бірден 5,2 пайызға көтерілді. Осы уақытта инфляция 0,2 пайызға ғана өскен.

Маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа алғанда жан басына шаққанда 27,85 теңгені құрады. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 5,2%-ға, жыл басымен салыстырғанда 8,8%-ға, өткен жылдың маусымындағы көрсеткішке қарағанда 10,9%-ға көп,  деп жазады ranking.kz. 

Салыстыру үшін айта кетейік, инфляция деңгейі маусым айында 0,2%, жыл басынан 2,6% және бір жыл ішінде 5,9% болды. 

Түрлі әлеуметтік-демографиялық топтар үшін өсім әрқилы. Мәселен, жыл басынан бері еңбекке қабілетті әйелдер мен ер адамдардың төменгі күнкөріс деңгейі 9%, зейнеткерлер үшін 8,8%, 13 жасқа дейінгі балалар үшін 7,9%-ға артты. 

Өңірлер арасында төменгі күнкөріс деңгейінің ең үлкен мөлшері Маңғыстау облысында  — 34,27 мың теңге, жыл басынан бері 10,8%-ға өскен. Одан кейін Астана қаласы тұр — 32,25 мың теңге, жыл басынан бергі өсім — 9,4%. Алғашқы үштіктің ішінде Алматы қаласы да бар — 31,29 мың теңге, өсім — 7,9%. 

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтардың жалақысын көбейтетін заңға қол қойылды

Сегіз өңірде жыл басынан ең төменгі күнкөріс деңгейі 10%-дан артық көтерілген. Ең жоғары көрсеткіш Ақмола облысында – төменгі күнкөріс мөлшері 26,61 мың теңге (жыл басынан бергі өсім 13,5%). 

Бір айта кетерлігі, Қазақстанда әйелдер мен ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі әртүрлі. Мәселен, бұл көрсеткіш бойынша әйелдерге есептелген азық-түлік мөлшері 20,6%-ға төмен, тиісінше азық-түлік емес тауар мен қызмет те аз болады. 

Көрші Ресей мен Беларусьте ең төменгі күнкөріс деңгейін гендерлік тұрғыдан бөлмейді екен, тек жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарайды. 

Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының есептеуінше, шын мәнінде әйелдер үшін күнделікті калорий мөлшері ерлермен салыстырғанда төмен болуы тиіс, тек жүктілік кезінде оның нормасы тіпті кейбір көрсеткіштер бойынша көп болуы мүмкін. 

Биыл 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

Бірінші шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгерді?


Кілт сөздер:
ең төменгі күнкөріс деңгейі, инфляция, Маңғыстау облысы, Астана, Алматы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар