Экономика

29 миллиард теңге қосымша жалақы: кімдер және қашан алады?

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесі 10 есеге азайтылады

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Қазақстандықтар 29 миллиард теңге шамасында қосымша жалақы алатын болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Биыл 5 наурызда мемлекет басшысы бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Ұлттық экономика министрлігіне екінші бағыт — жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту бекітілді. 

Теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде бүгіннен бастап ең төменгі жалақы көлемі артады

"Екінші бастамаға сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 125 (алпыс мың бір жүз жиырма бес) теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылады. Жалпы республикада мұндай еңбекақыны 2 миллионнан аса адам алады. Негізінен, бұл ауыл шаруашылығы мен саудада. Аталған бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді", — деп хабарлады министрлік. 

Жұмыс нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалған. 

Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді.

"2018 жылғы қарапайым мысал арқылы ЖТС ұсынылған есептеуді қарастырамыз. Мәселен, жалақы айына 60 125 (25 айлық есеп көрсеткіш) теңгені құрайды. Осы сомадан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, яғни 6 013 теңге шегеріледі, қалады — 54 112 теңге. Бұл сомадан 1 ең төмен жалақы — ең аз салық салынбайтын кіріс, яғни 28 284 теңге шегеріледі. Салық салынатын табыс (қолданыстағы механизм) — 25 828 теңге қалады. Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы 25 828 *10% = 2 583 теңге болады.

Ұсынылған тетікке сәйкес, салық салынатын табысының мөлшері 90%-ға төмендейді: 25 828 — (25 828*90%) = 2 583 теңге. Бұл сомаға жеке табыс салығының 10% мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады — 2 583*10% = 258 теңге", — делінген хабарламада. 

Назарбаев қазақстандықтардың жалақысын өсіретін заңға қол қойды

Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есеге 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендейді, жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған тетікті қолдану қызметкердің дереу және кепілдікті қосымша табыс алуын (негізгі жалақы алу кезінде) пайымдайды және жұмыс берушінің қаржылық жүктемесін ұлғайтпайды. Сонымен бірге, жұмыс берушінің әкімшілік шығындары минимизацияланды.

Жалпы, республика бойынша жұмысшылар 29 миллиард теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады.

Салық заңнамасына тиісті түзетулер 2018 жылғы 2 шілдеде мемлекеттік басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көзелген. 

Аталған тетік 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін болады.







Жаңалықтар
0