21:46 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Теледидардың алдында отырған бала

Қытай компаниясы Қостанайда теледидар шығаратын зауыт салмақшы

CC0 / Vidmir Raic
Экономика
Қысқа сілтеме алу
169 0 0

Жыл сайын кем дегенде үш миллион дана техника шығару және халықаралық деңгейге шығу жоспарланып отыр

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Қытайдың HKC Corporation Limited компаниясының акционерлері Қостанайдағы теледидар мен монитор шығаратын зауытқа 20 миллионов доллар салады. 

Kazakh Invest баспасөз қызметінің мәліметінше, HKC компаниясы монитор және теледидар шығару бойынша қытай нарығындағы ірі өндірушілердің бестігіне кіреді.  

Қазақстанның солтүстігінде құрастыру зауытын салу жоспарланған. Инвестицияның бастапқы көлемі – 20 миллион доллар. Акционер жылына үш миллион дана техника шығармақ.  

HKC Corporation Limited вице-президенті Ли Джин атап өткендей, Қостанайдың Ресей мен өзге де ТМД елдерімен жақын орналасуы оның артықшылықтарының бірі ретінде қарастырылған. Қытай компаниясының басшысы таяу уақытта әлемдік деңгейге шығуды жоспарлап отыр.   

Егер жоба жоспар бойынша жүзеге асырылса, Қазақстанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт қызметкерлері жергілікті халықтан алынады.

Зауыт келесі жылы іске қосылады деп жоспарлануда.   

Қазақстанда салынатын зауыттың баламасы Нидерландыда бар. Ондағы құрастыру цехы жылына екі миллион теледидар шығарады. 

Қытайда 100 мыңнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды

Жыныс мүшесіне сым тығып жасөспірімге операция жасалды  


Тақырып бойынша

Қытай дәмханасында мысықтар кассир болып жұмыс істеп жатыр – видео
Қытай компаниясы Солтүстік Қазақстанда зауыттар кешенін салады
"Біз ешқашан экспансияға ұмтылмаймыз" Қытай қандай уәде берді?
Қытай Қазақстанға үш миллион доллардың "алтын көпірін" сыйға тартпақшы
Екібастұзда астаналық кәсіпкер 2,5 миллиард теңгеге зауыт ашпақ
Қарағанды облысында жарылғыш зат шығаратын зауыт салынады
Қытайлық инвесторлар сабан өңдеу бойынша зауыт ашуды көздейді
Кілт сөздер:
зауыт, монитор, теледидар, Қытай, Қостанай
Загрузка...

Басты тақырып