22:34 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
Теңге

Теңге, қайда барасың: доллар 365 теңгеден сатылып жатыр

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
135 0 0

Қазақстан ұлттық валютасының 13 тамыздағы бағамы бір АҚШ долларына 356,8 теңге болып бекітілді

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Қазақстанның ұлттық валютасы одан әрі құнсызданып жатыр.

Дүйсенбі күні, kurs.kz сайтының мәліметінше, валюта айырбастау пункттерінде бір доллар 365-366 теңгеден сатылып жатыр.  

Қазақстан ұлттық валютасының 13 тамыздағы бағамы бір АҚШ долларына 356,8 теңге болып бекітілді.  

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша ол Америка ақшасына шаққанда 356,80 теңгеге дейін төмендеген еді (мерекелік және демалыс күндері, сондай-ақ түнгі уақытта валюта бағамы өзгермейді).

Үш жыл бұрын Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберген болатын, содан бері валюта бағамын қалыптастыруға араласып жатқан жоқ. Егер жағдай ушығып кетсе, бағамды тұрақтандыру үшін валюта нарығында интервенция жасалуы мүмкін.   


Тақырып бойынша

Доллар бағамы 350 теңгеге жақындады
Қазақстанда доллар бағамы көтерілді
Министр: валюта бағамы 340 теңгеден аспайтынына сенімдіміз
Кілт сөздер:
инфляция, доллар бағамы, теңге бағамы, Қазақстан

Басты тақырыптар