Экономика

Қазақстанның мемлекеттік қарызы төрт есеге жуық өсті

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуМонета, архивтегі фото
Монета, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14,8 триллион теңгеге (42 миллиард АҚШ долларына жуық) тең

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Соңғы бес жылда Қазақстанның мемлекеттік қарызы төрт есе өсті. Finprom.kz сарапшылары осындай тұжырымға келді.

Бүгінгі күні Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14,8 триллион теңгеге (шамамен 42 миллиард доллар) тең, деп жазылған бизнес және қаржы сайтында. Өткен жылы жиынтық мемлекеттік қарыз 21,9% —ға аз болған.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы дегеніміз не?

Елдің жалпы мемлекеттік қарызы үш компоненттен тұрады:

  • мемлекеттік қарыз – 14,2 триллион теңге (39 миллиард доллар)
  • мемлекет кепілдендірген қарыз – 523 миллиард теңге (1,5 миллиард доллар)
  • мемлекеттік кепілдіктер бойынша ішкі қарыз – 37,8 миллиард теңге (105 миллион доллар) 

АҚШ доллары - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанның сыртқы қарызы қаншаға өсті?

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның мемлекеттік қарызы көбіне үкіметтің ішкі қарызы есебінен өсті. Бір жыл ішінде ол 30,6% —ға, яғни 4,4-тен 5,8 триллион теңгеге дейін артты.

Сыртқы қарыз 4,7% —ға немесе 210 миллиард теңгеге (585 миллион долларға) өсті. 

Орташа алғанда мемлекеттік қарыз көлемі жылдан жылға 28,8% —ға артып келеді, деп түйіндеді Finprom.

Осы жылдың бірінші жартысында мемлекеттік бюджеттен қарызға қызмет көрсету үшін 248,7 миллиард теңге (шамамен 700 миллион доллар) бөлінді. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% —ға артық. 

Сонымен қатар барлық бағыт бойынша мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 9,6% немесе 449,1 миллиард теңгеге (1,2 миллиард АҚШ доллары) көбейді.

Жаңалықтар
0