02:28 13 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD374.47
  • EUR421.43
  • RUB5.54
Пайыз

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Экономика
Қысқа сілтеме алу
301 0 0

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі базалық мөлшерлеме деңгейінде сақталады – 9 %

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейде сақтады, пайыздық мөлшерлемелер +/-1% шамасында болады.

Өтімділік беру және алу операциялары бойынша мөлшерлеме тиісінше 10% және 8% деңгейінде болады.

Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі базалық мөлшерлеме деңгейінде сақталады – 9%.

Базалық мөлшерлеме деген не?

Базалық мөлшерлеме дегеніміз Ұлттық банк коммерциялық банктерге қысқа мерзімді кредиттерді беруді және олардың қаражатын депозитте сақтауды 9%-дық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырады деген сөз.

Базалық мөлшерлеме елдегі инфляция деңгейіне әсер етеді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылдың 15 қазанында Астана уақыты бойынша 17.00-де шығарылады.

Инфляция дегеніміз не?

Инфляция – тауарлар мен қызметтер құнының артуы. Инфляция кезінде сатып алу қабілеті төмендейді.

Инфляция деңгейі тұтыну бағаларының индексі көмегімен есептеледі.

Инфляция деңгейіне халықтың кірісі, елдегі өндіріс көлемі, әлемдік нарықтағы бағалар, инфляциялық болжамдар және тағы басқалар ықпал етеді.

Инфляция деңгейі қандай болады?

Ұлттық банк төрағасы сөзіне сүйенсек, Қазақстанда инфляция қарқыны төмендеуін жалғастырады. Сарапшылар болжағаннан да аз болмақ.

Оның айтуынша, ішкі сұраныс тарапынан проинфляциялық қысым артып келеді. 

Ақышевтың мәліметі бойынша, инфляция деңгейі 2019 жылы болжамды 4-6 пайыздың жоғарғы шегінде және 2020 жылдың соңына қарай шектен асып, 4 пайыздан төмен болмақ.

Тауар бағасы неге артады?

Тамыз айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 6% болды.

Ұлттық банк тұтыну инфляциясына не әсер ететінін атап өтті:

  • Өндірушілер бағасының артуы (2018  жылдың шілдесінде 24,3%-ға), әсіресе өңдеуші өнеркәсіп бойынша (9,1%)
  • Жиынтық сұраныстың (тұтыну және инвестициялық) кеңеюі.

"Инфляция аясы негізінен ұсыныс факторларымен анықталады, ал оларға Ұлттық банктің қаржы-несиелік саясаты әсер етпейді", — дейді Ақышев.

төрағасы халық инфляцияны дұрыс қабылдай бастады деген пікір айтты.

Оның айтуынша, бір жыл ішінде баға бұрынғыдан қарағанда жылдам өсе бастады деген ұғыммен сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі келіспеген.

Тақырып бойынша

Сәтбаев: Халық зейнетақы қорындағы өз ақшасын кредит ретінде алады
Қазақстандықтар көп шағымданатын банктер белгілі болды
Кілт сөздер:
депозит, несие, экономика, тауар, инфляция, базалық мөлшерлеме, Ұлттық банк, Данияр Ақышев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар