11:16 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Жол

Министр 2025 жылға қарай қанша жол ақылы болатынын айтты

© AFP 2019 / JEAN-SEBASTIEN EVRARD
Экономика
Қысқа сілтеме алу
42 0 0

Қазір "Астана-Теміртау", "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Қорғас" жолдарында ақы алу жүйесін іске қосу жұмыстары жүргізілуде

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2025 жылға қарай 11,7 мың шақырым жол ақылы болады. Бұл туралы бүгін инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр ақылы жолдар бюджетке түсетін салмақты азайтып, автожолдарды күтіп ұстау мәселесін шешетінін атап өтті. 

"Қазір жалпы ұзындығы 469 шақырым болатын "Астана-Теміртау", "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Қорғас" учаскелерінде ақы алу жүйелерін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйекте ақы алу жүйесі сынақ режимінде қосылады, ал бірінші қазаннан бастап толығымен ақылы жол болады. Жол ақысы Астана-Щучье жолындағы бағамен бірдей. Жалпы ұзындығы 5,5 мың шақырым болатын 13 учаскеге ақы алу жүйесін орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары аяқталады. Оның ішінде "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі де бар", — деді Қасымбек мәжілістегі үкімет сағатында. 

Оның айтуынша, 2021 жылға дейін ақылы жолдар ұзындығын 6,7 мың шақырымға дейін, ал 2025 жылға қарай 11,7 мың шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар тас жолдарда арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын орнату жұмыстары жүріп жатыр.

"Қазіргі уақытта 12 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы (ААӨҚ) бар. Биыл Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас учаскелерінде ақы алу жүйесі енгізілетіндіктен, тағы 11 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын іске қосу жоспарланып отыр. 2019-2020 жылдары ақылы жолдар мен шекара маңындағы өткізу бекеттеріне 34 ААӨҚ орнатылады", — деді министр.

Тақырып бойынша

Астанада 1 мамырда кейбір жолдар жабылады
Биыл Қазақстанда қай жолдар ақылы болады?
Кілт сөздер:
экономика, жолдар, ҚР инвестициялар және даму министрлігі, Жеңіс Қасымбек, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып