14:45 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Астананың келбеті

Жаңа әкім Назарбаевқа Астананың құрылысын қалай жалғастыратынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
8710

Мемлекет басшысы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президентіне Астана қаласын одан әрі дамытудың және тұрғын үй алаптарында құрылыс жүргізудің жоспары таныстырылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бақыт Сұлтанов
© Photo : Служба центральных коммуникаций

Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасаудың әлеуметтік маңызы жоғары екеніне тоқталып, қала құрылысында кешенді әдіс қолданудың қажеттігін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев қала халқын қолжетімді әлеуметтік нысандармен, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.

Сонымен қатар, Елбасы шаһарды көгалдандыру, қалада көлік қатынасын оңтайландыруға мүмкіндік беретін автотұрақтар мен жолайрықтар салу мәселелеріне назар аударды.

Астана әкімі Б.Сұлтанов мемлекет басшысына елордада әлеуметтік, коммерциялық, әкімшілік және тұрғын үй нысандарын салудың жоспарлары туралы мәлімдеп, қала инфрақұрылымын дамытудың перспективалары жөнінде баяндады.

  • Назарбаев елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты
    Назарбаев елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты
    © Photo : Акорда
  • Назарбаев елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты
    Назарбаев елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты
    © Photo : Акорда
1 / 2
© Photo : Акорда
Назарбаев елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері елордада 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген және жыл соңына дейін тағы да 2,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.   


Тақырып бойынша

Назарбаев Астана әкімінің тағайындалуына қатысты: бұл мәселеге зор мән беремін
"Жақсы көреміз". Министрлер Астана әкімі болған әріптестері туралы не дейді?
Астана тұрғындарының некеге тұру жасы 10 жылға өскен
Астанада 40-қа жуық отбасы үйсіз қалуы мүмкін
Астанада жерасты трамвай мерзімінен бұрын іске қосылуы мүмкін
Кілт сөздер:
құрылыс, Бақыт Сұлтанов, Назарбаев, Астана
Загрузка...

Басты тақырып