08:46 11 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD369.35
  • EUR421.47
  • RUB5.57
Тиындар

Танымал сарапшы теңгенің рекордтық деңгейде құлдырайтынын болжады

© Sputnik / Владислав Воднев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
83410

Александр Разуваевтың пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің экономикасы құрылым жағынан өзара ұқсайды

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. ТМД елдері мен Қазақстандағы ірі аналитикалық форекс-брокер департаменті — "Альпари" компаниясының директоры Қазақстанда ұлттық валюта тарихи минимумға дейін құлдырайды деген пікірде.

Александр Разуваевтың айтуынша, америкалық доллардың бағасы 400 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

"Егер теңге мәселесіне тоқталатын болсақ, 400 санын сөзсіз көреміз. Бұл экономиканың дұрыс дамуы валютаның мықты болуымен байланысты еместігін көрсетеді. Әсіресе, жас нарықтар туралы сөз қозғаған кезде", — деді Разуваев бейсенбі күні .

Разуваевтың пікірінше, теңгенің дәл бұлай әлсіреуі Ресейде мөлшерленген әлсіз рубль саясатының жүргізіліп жатқанымен байланысты. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Ресей экономикасының тығыз байланыста болып қана қоймай, өзара құрылым жағынан ұқсайтынын жеткізді.

Осы уақытқа дейін Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев ұзақ мерзімде теңгені айырбастау курсы көп жағдайда Қазақстанның төлем балансымен байланысты екенін айтқан-ды. 

Ақышевтің пікірінше, теңге мен рубль аз уақыт ішінде басым түрде корреляцияға ұшырайды.

26 қыркүйекте бір доллардың құны 359,76 теңге болды, жыл басынан бері 8,3% әлсіреді.

Ұлттық банк теңгенің АҚШ долларының дамыған мемлекеттер валютасына қатысты нығаюымен және болашақта ресейлік санкцияларға қарсылық күшейтілетінімен байланысты әлсірейтінін мәлімдеген-ді.

Тақырып бойынша

Жолақы – 1 теңге: Астанада автобуспен жүру ақысын SMS арқылы төлеуге болады
Ауыл мұғаліміне 200 мың теңге қандай жағдайда төленеді? Министрлік есептеп берді
Қазақстанның оңтүстігінде 2,4 миллион теңге жалақыны кімдер алады?
29 миллиард теңге қосымша жалақы: кімдер және қашан алады?
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
"Жол ақысы 180 теңге". Астанада депутаттар сараланған тарифті бекітті
Қаза тапқан ұшқыштың отбасына екі жылдан соң жарты миллион теңге төленді
Кілт сөздер:
доллар, мемлекет, валюта бағамы, ұлттық валюта, теңге, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар