02:55 14 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Теңге

Қазақстанда келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы өседі

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Жәрдемақы қалай төленеді (43)
7252 0 0

Министрдің айтуынша, Қазақстанда зейнетақы индексациясы әр жыл сайын жылдың басында жүргізіледі

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. 2019 жылдың басында ынтымақты зейнетақының индексациясы жүргізіледі. Сәйкесінше оның мөлшері өседі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Министр зейнетақы индексациясы елімізде әр жыл сайын жылдың басында жүргізілетінін айтты.

Нұрлан Нығматулин
© Photo : пресс-служба мажилиса парламента РК

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен зейнетақы инфляция деңгейінен 2 процентке артық көрсеткішпен индекстеледі. Биыл біз индексацияны 9%-пен жүргіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейіне тағы 2% қосып, индексация жүргіземіз", — деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.

Ведомство басшысы Қазақстанда зейнетақы ТМД елдеріне қарағанда едәуір жоғары екенін атап өтті. 

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақының жаңа форматы енгізілгенін білесіздер. Орташа есеппен базалық зейнетақы 67%-ке өсті. 1 миллионға тарта зейнеткер базалық зейнетақыны күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде алады. Яғни олар үшін зейнетақы екі есеге өскен. Қазір Қазақстанда зейнетақы мөлшері барлық көршілес, ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыны есепке алғанда) 101 мың теңгені құрайды", — деді ол. 

Әбілқасымова мемлекет жинақтаушы зейнетақының сақталуына кепілдік беретінін айтты. 

"Егер инфляцияның барлық жиынтық деңгейіне қарай индекстелген жинақ аз болып қалса, онда осы айырмашылықты біз мемлекет есебінен өтейміз. Бұл қаржы дағдарысы, валюта бағамының құбылмалығы кезінде туындаған тәуекелдерге жауап беруге мүмкіндік береді", — деді ол.


Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (43)

Тақырып бойынша

Зейнетақы қорының мәлімдемесі депутаттың ашуын туғызды
Министрлік: Қазақстанда зейнетақы Ресей мен Беларуське қарағанда жоғары
Наурызбаева зейнетақы қорындағы ақшаның тағдыры не болатынын айтты
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
Қазақстанда орташа зейнетақы 101 мың теңге екені рас па? Министрдің жауабы
Кілт сөздер:
зейнетақы, Мәдина Әбілқасымова, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып