23:06 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Ет

Қазақстан Қырғызстаннан ет әкелуге тыйым салды

© Foto: CC0 / Markus Hendrich
Экономика
Қысқа сілтеме алу
79 0 0

Уақытша шектеуге Қырғызстанның бес кәсіпорны іліккен

АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге тыйым салды. 

"Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылдың 12 қазанынан бастап Қазақстан Республикасына Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізеді", — делінген ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында. 

Мұндай шара көрші мемлекеттің аумағындағы аса қауіпті мал аурулары бойынша туындаған қолайсыз ахуалмен байланысты.

Шектеуге бес қырғызстандық кәсіпорын ілікті: "Риха", "Кантский хлебзавод", "Баркад", "Салих ЛТД", "Адал-Азық" компаниялары.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай, 2012 жылдан бері Қырғызстанның тағы төрт кәсіпорнына уақытша шектеу енгізілген. 

Еске сала кетсек, Қырғызстан Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқа әкелуге тыйым салған болатын. Қазақстан тарапы екі өңірден құс шаруашылығы өнімдерін жеткізуге шектеу қоюды заңсыз шешім деп санайды.

Тағы оқыңыз:

Тақырып бойынша

Қырғызстан 302 мың тауық жұмыртқасын Қазақстанға қайтарып жіберді
Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді
Ет мүшелеп, табақ тарта аламыз ба
Ғалымдар қызыл еттің неге қауіпті екенін айтты
Кілт сөздер:
тыйым, ет, Қырғызстан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар