18:34 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Калькулятор, архивтегі фото

Қыркүйекте қазақстандықтардың орташа жалақысы 160 мың теңгеден асқан

CC0 / Edar
Экономика
Қысқа сілтеме алу
67902

Келесі жылы 275 мың қызметкердің жалақысын шамамен 35%-ке көбейту жоспарланып отыр

АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті  қазақстандықтардың қыркүйектегі орташа жалақысын атады, деп хабарлайды    

2018 жылдың қыркүйегінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 160 555 теңгені құрады.

"2018 жылдың тамызында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 89 338 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы тамызға қарағанда 8,1% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2% жоғарылады", — деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, қыркүйекте жұмыссыздар саны 441,9 мың адамды құраған. 146,8 мың адам жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр екен.   

Естеріңізге салсақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа жолдауы кезінде үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Яғни барлық сала бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысы өседі. 

Осылайша бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің жалақысы шамамен 35%-ке артады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 2019-2021 жылдары бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлінеді деп жоспарлануда.

 

 

Тақырып бойынша

Нығматулин: Қазақстанда орташа жалақы 17 есе өсті
Жалақы екі есе өседі – мемлекеттік қызметшілердің еңбегі жаңаша бағаланбақ
"Үздік педагог" байқауының жеңімпазы: Мұғалімдердің жалақысы аз деп айта алмаймын
Министр Қазақстанда жалақысы төмен салаларды атады
Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты
Кілт сөздер:
экономика, орташа жалақы, статистика, Назарбаев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып