22:00 19 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.06
  • EUR416.17
  • RUB5.56
Ақша

Депутаттар теңге бағамын белгілеуді ұсынды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
398 0 0

Ұлттық банк басшысы ақша-несие саясатын қайта қарауға ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді

АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов теңгенің бекітілген бағамына қайта оралуды ұсынды, деп хабарлайды тілшісі. 

Мәжілісмен Аманжан Жамаловтың айтуынша, теңге бағамын қолдау үшін 5-7 қыркүйек аралығында ұлттық банк 520 миллион доллар сатқан. Бұл барлық сауда көлемінің 80 проценті. Алайда осыдан кейін теңге бағамы одан әрі құлдырап кетті.

Ақша
© Sputnik / Болат Шайхинов

"Егер 4 қыркүйекте теңге 365 теңгеден сатылса, 12 қыркүйекте 380 теңгеге жетті. Осы орайда мынадай сұрақ туындайды: кім нарықтағы ахуалды пайдаланып, барлық валютаны сатып алды? Халық емес екені анық", — деді депутат. 

Айтуынша, қазір теңге бағамы іргелі факторларға емес, екі ірі ойыншы – Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектордың әрекеттеріне тәуелді болып жүр. 

"Квазимемлекеттік компаниялар теңге бағамының мұндай құбылмалығы кезінде қарапайым қаржылық мақсатты көздеп, валюта сатып алуды бастады. Салдарынан біз теңгенің нарықтық бағамын жоғалттық. Ол қазір мұнай бағасы секілді іргелі факторлармен емес, Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектордың әрекеттерімен анықталады. Теңге бағамының болжамдығын шешетін кез келген жоқ па? Тым болмаса Ұлттық банктің де, үкіметтің де мүддесіне сәйкес келетін валюта дәлізін уақытша бекітсек қайтеді?", — деген ұсыныс айтты Жамалов. 

Алайда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев халық қалаулысымен келіскен жоқ. Оның пікірінше, валюта дәлізіне оралу қымбатқа түседі. Оның үстіне, қазір теңге бағамының құбылмалығына тосқауыл қоюға қажеттілік жоқ, бұл объективті шынайылық.

"Қазақстан – экономикасы ашық мемлекет, ЕАЭО-ның мүшесі, біздің елдер арасында тауарлар мен қызеттердің, капиталдың қозғалысына сауда шектеуі жоқ. Тиісінше, біз серіктес елдердегі ахуалға тәуелді боламыз. Егер ол елдерде ахуал нашарласа, бұл Қазақстан экономикасына да, теңгенің айырбас бағамына да әсерін тигізетіні анық…", — деді ол. 

Ақышевтың пікірінше, қазіргі таңда ақша-несие саясатын қайта қарауға ешқандай негіз жоқ. Ол депутаттың "Қазақстанның валюта нарығында тек екі ірі ойыншы бар" деген сөзін жоққа шығарды. 

"Жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатына қатысты түрлі баға берілді. Екі ірі ойыншы бар деген – бұл шындыққа жанаспайды. Қазақстанның валюта нарығында өз клиентурасына қызмет көрсететін барлық екінші деңгейлі банктер бар. Квазимемлекеттік сектор компанияларының көп екені рас, бірақ сауда-саттыққа қатысатын заңды, жеке тұлғалар да бар. Валюта заңнамасына сәйкес, бізде нақты сектор кәсіпорындары да, халық та валютаны сатып та, сата да алады. Бұл тұрғыда ешқандай шектеу жоқ", — деді ұлттық банк төрағасы.


Тақырып бойынша

Банктерге зейнетақы қорынан 300 млрд теңге бөлінеді
"7-20-25": екі миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі
Теңге нығайды, алайда мұнай бағасы төмендеп жатыр
Теңге бағамы: Қазақстанда доллар арзандады
Кілт сөздер:
теңге бағамы, Мәжіліс, Данияр Ақышев, Аманжан Жамалов, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар