04:38 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Монета

Ақышев газ құбырына зейнетақы қорынан бөлінетін ақшаға қатысты түсініктеме берді

© AP Photo / Rick Bowmer
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (64)
173 0 0

Ұлттық банк басшысының пікірінше, инвестицияның сақталуы тұрғысынан қарағанда, бұл өте табысты жоба

АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев зейнетақы қорынан "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына бөлінетін 85 миллиард теңгеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайдытілшісі.

Ақышев қазақстандықтардың зейнетақы жинағы халықтың өмірін жақсартуға бағытталатынын атап өтті. 

"Инвестицияның сақталуы тұрғысынан алсақ, мен мұны өте табысты жоба деп санаймын. Біріншіден, ол мемлекеттің инфрақұрылымын, халықтың өмірін жақсартуға бағытталған. Газдандыру бойынша есептелген экономикалық модель мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалды. Зейнетақы қорындағы ақша азаматтардың өмірін жақсартуға жұмсалады. Қазақстанның солтүстік облыстарына газ тартылады", — деді банк төрағасы мәжіліс кулуарында. 

Оның айтуынша, БЖЗҚ-ның ақшасы қайтарымы жоқ жобаларға инвестицияланады деу дұрыс емес. 

"Бұл керісінше, әр азамат қайтарымды сезінетін жоба. Әсіресе, солтүстік облыстарда. Сондықтан бұл жағдайда мұндай шешімдерді тек қолдау керек", — деді ол. 

Ақышев зейнетақы жинағын инвестициялауға қатысты шешімдердің барлығын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес мүшелері заңнамалық негізде қабылдайтынын атап өтті. 

"Оңтайлы сәтті пайдаланып, халыққа мынаны жеткізгім келеді: соңғы үш жылда Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялауға қатысты барлық шешімді толығымен ашық, айқын негізде қабылдап жүр. Сіздер әр ай сайын зейнетақы активтерінің қайда, қандай шарттармен, қандай ставка бойынша орналастырылғанын көре аласыздар. БЖЗҚ салымшылары үшін не маңызды? Жинап жатқан ақшасының сақталғаны, кіріс әкелгені", — деп түйіндеді төраға.


Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (64)

Тақырып бойынша

Зейнетақы қорындағы ақша "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына жұмсалады
Банктерге зейнетақы қорынан 300 млрд теңге бөлінеді
Фрилансерлер зейнетақы жарнасын келесі аптадан бастап аудара алады
Қазақстанда келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы өседі
Зейнетақы қорының мәлімдемесі депутаттың ашуын туғызды
Кілт сөздер:
газ құбыры, зейнетақы, Ұлттық банк, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып