23:14 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Астана

Қазақстанда тек 4,6 млн адам ғана ипотекалық кредит ала алады

© Sputnik / Владислав Воднев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Қалған 13,7 миллион қазақстандықта қаржылай шектеу бар

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Тек 4,6 миллион қазақстандықтың кредит алып, жеңілдетілген ипотека бойынша тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біздің қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 18,3 миллион адамның 13,7 миллионында қаржылай шектеу бар. Мәселен, 3,5 миллион адамның кредиті бар; 5,3 миллион азамат – 15 жасқа толмаған; 2,1 миллионы – өзін-өзі жұмыспен қамтушылар; зейнеткерлер – 2,1 миллион; 250 мың адамның мерзімі өткен берешегі бар; студенттер – 500 мың. Сонда кредит алуға құқығы бар 4,6 миллион адам ғана қалады", — деді Жайымбетов сенатта. 

Ол жыл сайын елімізде 100 мың пәтер немесе 12 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатынын атап өтті. Оның 40 проценті Алматы мен Астана қалаларындағы құрылысқа тиесілі. 

"Кредиттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша, жыл сайын 15 мыңнан 20 мың пәтерге дейін пайдалануға беріледі. Кредиттік баспана құрылысына 277 миллиард теңге бөлінеді. Өңірлерде бір шаршы метрдің құны 140 мың теңге, ал Астана мен Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкентте 180 мың теңге", — деді Жайымбетов. 

Комитет төрағасының мәліметінше, елімізде 492 мың адам баспана кезегінде тұр. Оның 200 мыңы – халықтың әлеуметтік әлсіз тобы, 200 мыңы – мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының қызметкерлері және 60 мыңға жуығы – жетім балалар мен ардагерлер.

Тақырып бойынша

Төмен пайызбен ипотека беретін жаңа бағдарлама: шарттары қандай?
"7-20-25": Депутаттар Шымкент үшін ипотека мөлшерін көтеруді сұрады
"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша ипотека берілгені белгілі болды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "7-20-25" схемасы бойынша ипотека береді
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана, кредит, ипотека, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып