Экономика

Қазақстанда кедейлік шегі көтеріледі

© pixabay / Sabine van ErpҚарт адам
Қарт адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кедейлік шегін көтеру мәселесі 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда қайта қаралмақ

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Қазақстанда кедейлік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Ақша, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Жәрдемақы табыс емес". Министр Әбілқасымова әділеттік орнатуға уәде берді

Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутаттар кедейлік шегін көтеру мәселесін қозғады. Айтуынша, бүгінде кедейлік шегіндегі азаматтардың табысы 14 142 теңгені немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ін құрайды. Олардың басым бөлігіне қолдау көрсетілмейді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда кедейлік шегін көтеру жоспарланып отырғанын атап өтті. 

"Оны кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін жеткіземіз", — деді министр. 

Айтуынша, көп балалы және еңбекке қабілетті адамдар жоқ отбасылар үшін кедейлік шегі 70 процентке дейін көтерілсе, ал асыраушысы бар отбасылар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 проценті деңгейінде қалады.


Жаңалықтар
0