17:32 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
Грузия

Грузия Қазақстанға 20 жыл бұрынғы қарызын қайтарады

© Sputnik / Григорий Сысоев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
200 0 0

Қыркүйектегі ахуал бойынша, қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Грузия ғана Қазақстанға қарыз

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Грузия 2025 жылға дейін Қазақстанға қарызын қайтаруы тиіс.

Грузияның Қазақстанға негізгі қарызы — 25 миллион 480 мың 089,96 АҚШ доллары, деп хабарлады қаржы министрлігі Sputnik Қазақстанға.

Былтыр борыштың құрылымы қайта қаралған болатын. Себебі елдегі экономикалық ахуалдың ушығуына байланысты Грузия қарызын өтеуді тоқтатқан. 

"Негізгі борышы бұрынғы көлемде. Қарызды өтеу мерзімі мен шарттары қайта қаралды. Төленуі тиіс жалпы сома – 37 997 815,46 АҚШ доллары", — деп мәлімет берді қаржы министрлігі.

Мемлекеттік борышты өтеу мерзімі – 2017 жылдан бастап 2025 жылға дейін. Қазір төлемдер белгіленген уақытта толық көлемде түсіп жатыр, деді ведомство.

Қыркүйектегі ахуал бойынша Қазақстанға өзге мемлекеттер қарыз емес.

Қазақстан 1990 жылдардың ортасында Грузияға 27,5 миллион доллар қарыз берген еді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Грузия борышын 2017 жылдың қыркүйегінен бері өтей бастады.

Тақырып бойынша

Қазақстанның сыртқы қарызы қаншаға өсті?
Қазақстан экономикасының алдағы тағдыры не болмақ?
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының толық мәтіні
Қазақстан Ауғанстанға 100 мың доллар бөлді
Кілт сөздер:
экономика, қарыз, Қаржы министрлігі, Грузия, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар