21:19 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Жарық

Жаңа жылдан бастап газ бен жарық арзандайды

CC0
Экономика
Қысқа сілтеме алу
382810

Қанат Бозымбаев елімізде газ және жарық тарифтерін арзандату үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтты

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Қазақстанда тауарлық газ бен электр энергиясы тарифтері арзандатылады, деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Үкімет отырысы кезінде ведомство басшысы электр қуатының нарыққа енгізілуіне байланысты сектор үшін екі тарифтік әдістеме енгізілетінін айтты.

Энергия өндіретін ұйымдар электр энергиясының бағасын екі тарифке бөледі: электр энергиясына және қуатына. Электр энергиясына объективті, шекті тарифтерді белгілеу энергия өндіруші ұйымдардың сату бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

"Тауарлық газ бойынша энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына тарифтерін төмендету үшін министрлік бұйрық жобасын әзірледі. Бұл жобада тауарлық газдың шекті көтерме бағаларын төмендету көзделген. Біздің бағалауымыз бойынша көтерме сауда бағасын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендету — тауарлық газдың түпкі бағасын өңірге байланысты газ пайдаланатын электр станциялары үшін 6-дан 15%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді", — деді Қанат Бозымбаев.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, министр тиісті бұйрықтың ағымдағы жылдың қараша айының соңына жоспарланғанын айтып өтті. Яғни министрліктің газға көтерме сауда бағаларын төмендету негізінде табиғи монополияларды реттеу комитеті тиісті бұйрықтар қабылдап, станциялар үшін газ бағасын төмендетуі тиіс.

Тақырып бойынша

Бозымбаев орынбасарының ұсталуына байланысты пікір білдірді
Бозымбаев еліміз қашан 90% бензинмен қамтамасыз етілетінін айтты
Бозымбаев: Астананың көк түтіні мені де мазалайды
Бозымбаев "18-ші рет" туралы сын айтқан депутатқа жауап берді
Бозымбаев: біз халықтан кешірім сұрауымыз керек
Ақышев газ құбырына зейнетақы қорынан бөлінетін ақшаға қатысты түсініктеме берді
Зейнетақы қорындағы ақша "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына жұмсалады
Кілт сөздер:
тарифтер, нарық, сауда, баға, газ, Қанат Бозымбаев
Загрузка...

Басты тақырып