22:06 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ақша

Зейнетақы, жәрдемақы және жалақы өседі - Назарбаев тапсырма берді

© Sputnik / Владислав Воднев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Жәрдемақы қалай төленеді (39)
4043833

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда табысы төмен жұмысшылардың, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 1,5 есе артады

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы және ең төменгі жалақы көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Мемлекет басшысының төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында Нұрсұлтан Назарбаевқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді.

Жалақы өседі

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмен жалақы алатын еңбеккерлердің, оның ішінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысы 1,5 есе өседі.

Назарбаев айтқандай, әкімшілік, көмекші және техникалық қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысы көбейеді. 

"Экономиканың барлық саласындағы төмен жалақы алатын 1,3 миллион жалдамалы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 30 пайызға көбейеді", – деді мемлекет басшысы.

Президенттің сөзіне сүйенсек, мемлекет жыл сайын әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемін арттырып, міндеттемелердің бәрін орындап келеді. Биыл осы мақсаттарға 2,6 триллион теңге бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда 21,3 пайызға көп.

Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы өседі

Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдерін 7 пайызға, сондай-ақ мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көлемін 5 пайызға арттыру қажет екеніне тоқталды.

Басқосу барысында әлеуметтік сақтандыру мәселелері де талқыланды. Осыған орай, еңбек қабілетін жоғалтуына, жұмыстан босап қалуына немесе асыраушысынан айрылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемақының орташа көлемін 30 пайызға арттыруды қамтамасыз ету керектігі айтылды.

Шағын несие көлемін ұлғайту

Мемлекет басшысы еске салып өткендей, 2019 жылдан бастап Қазақстанның жұмыс істейтін барлық азаматтары үшін Бірыңғай жиынтық төлем енгізу жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап тұрмысы төмен отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Соның арқасында 10 ай ішінде 103 мыңға жуық отбасы немесе 534 мың адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.

Сонымен қатар, Назарбаев шағын несиелер санын көбейту қажеттігін және олардың халыққа қол жетімділігін арттырудың маңыздылығы туралы айтты.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек

Қазақстан президенті мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау және тұрмысын жақсарту жөнінде жаңа ұлттық жоспар әзірлеуді тапсырды.

Құжат келесі мәселелерді қамтуы тиіс:

  • мүгедектікке ұшырататын жағдайлардың алдын алу;
  • кең ауқымдағы инклюзивті білім беруді енгізу;
  • ерекше мұқтаж жандарға арналған барлық әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын бейімдеу;
  • жұмыс берушілер мен бизнес өкілдерінің мүгедектерді жұмыспен қамту ісіне белсенді атсалысуы.

Жаңа жұмыс орындары

Елбасы сапалы жұмыс орындарын ашу үшін еңбек нарығын дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге тапсырма берді. 

2025 жылға қарай қосымша 2 миллионға жуық жас маман еңбек нарығына шығады, деп атап өтті ол.

Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев Президент әкімшілігіне тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (39)

Тақырып бойынша

Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады
Назарбаев 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы артатынын айтты
2019 жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет халыққа жұмсалмақ
2019 жылы 2 миллионнан астам адамның жалақысы өседі – Назарбаев
Кілт сөздер:
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, шағын несие беруді көбейту, зейнетақы, жәрдемақы, жалақы, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып