02:20 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Ақша

Қазақстанда орташа жалақы көбейіп, 160 мың теңгеге жуықтады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1244 0 0

Министр Тимур Сүлейменов биыл жарты миллионға жуық адамның жұмыспен қамтылғанын айтты

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда 11 айдың көрсеткіші бойынша орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, 2018 жылдың басынан бері 468 600 адам жұмысқа орналастырылды.

"Қазан айынды жұмыссыздық 4,8%-ке төмендеді. Жалақы мөлшері қарқынды түрде өсіп келеді. Қаңтар-қазан айларында орташа жалақы 159,5 мың теңгеге дейін жетті. Нақты 2,2% өсіп отыр", — деді Сүлейменов.

Сондай-ақ, министр ЖІӨ үш ай ішінде 4,1% деңгейінде сақталып отырғанын айтты. Экономиканың өсуіне жоғары инвестициялық және тұтынушылық сұраныс, экономиканың базалық салаларындағы өндірістік белсенділік әсер еткен.

"Инфляция деңгейі 5-7% аралығында сақталды. Жылдық инфляция 4,6%-ті құрады. Экономиканың өсуіне негізінен капиталға салынған инвестициялар әсер етіп отыр. Биыл 11 айда олардың көлемі 18,3% өсті. 1 қарашадағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 85,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл ретте ұлттық қордың активтері 0,1% өсіп, 56,5 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайды", — деді ұлттық экономика министрі.

Тағы оқыңыз:

Бұдан өзге министр ауыл шаруашылығы қарқынды дамып жатқанын айтып өтті. 11 ай ішінде бұл саладағы өнім көлемі 2,9% ұлғайған. Өсімнің негізгі салымын мал шаруашылығы қамтамасыз етіп отыр.

Тақырып бойынша

Қазақстанда орташа айлық жалақы 9,1 процентке өседі
Ақышев 10 млн теңгенің пәтерін алу үшін жалақы қанша болу керектігін айтты
Директор күйеуін мектептегі 6 жұмысқа орналастырып, жалақы төлеп отырған
Нығматулин: Қазақстанда орташа жалақы 17 есе өсті
Бас мүфти 100 имамға ай сайынғы жалақы тағайындады
Жалақы екі есе өседі – мемлекеттік қызметшілердің еңбегі жаңаша бағаланбақ
Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін
Кілт сөздер:
доллар, жұмыс, мал шаруашылығы, экономика, жалақы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып