Экономика

Қасымбек жаңа министрлік не үшін қажет болғанын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновЖеңіс Қасымбек
Жеңіс Қасымбек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше Қазақстан президенті инвестициялар және даму министрлігін қайта ұйымдастыруға қаулы шығарған болатын

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Жаңадан құрылған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Жеңіс Қасымбек жаңа ведомствоның не үшін қажет болғанын айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Қасымбектің айтуынша, инвестициялар және даму министрлігінің инвестиция комитеті мен "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы сыртқы істер министрлігінің қарамағына берілді. Енді шетелден тікелей инвестициялар тарту мәселесімен Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы айналысады.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Оны кім басқарады?

"Сондай-ақ, біз экспортты ілгерілету жөніндегі өкілеттіктерді бөліп алдық. Біздің министрлік экспортты ілгерілету құралдарымен айналысады, ал сыртқы істер министрлігі экспортты ілгерілету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді", — деді Қасымбек сенат кулуарында. 

Жаңадан құрылған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қосымша функция жүктелген жоқ. Министр жаңа ведомствоның не үшін қажет болғанын түсіндірді. 

"Бүгінде алдымызда үлкен сын-қатер күтіп тұр. Әлемде шетелдік инвестициялар нарығы соңғы екі жылда қатты құлдырап кеткен. Сондықтан нақты бағытталған жұмыс керек, халықаралық өкілдіктерді, елшіліктерді тарту қажет. Енді шет елдердегі елшілеріміздің негізгі қызметтерінің бірі экспортты ілгерілету, инвестиция тарту болады. Бұл қалыпты халықаралық тәжірибе, сыртқы саяси ведомстволардың көбі бұл мәселелермен айналысады", — деді ол. 

Қасымбек жаңа министрлік құру бойынша түрлі нұсқа қарастырылғанын атап өтті. 

"Түрлі нұсқалар талқыланды. Министрліктің қайта ұйымдастырылғанын кеше түстен кейін сіздермен бірге естідім", — деді министр.


Жаңалықтар
0